«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарағандыда бос жер учаскелерінің интерактивті картасы тиімді жұмыс істеуде

2018 жылғы 23 Қараша
- Қарағанды облысы
20872 просмотров

Шенеуніктер кәсіпкерлерге жер учаскілерін бөлуден бас тарту қиынға соғатын болады. Бұған облыстық Кәсіпкерлер палатасы жергілкті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы Қарағанды облысы интерактивті картасы http://mapkaraganda.atameken.kz/ көмегімен қол жеткізді.

Оны қолдану арқылы кез келген бизнесмен кәсіп бастауға қажетті жер учаскесін таба алатын интерактивті карта мүмкіндіктері жайында Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов хабарлады.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен былтырдан бастап республикада бос жер уаскілерінің өңірлік карталарын құру бойынша жұмыс басталған болатын.

Қазіргі таңда  интерактивті карта бизнеске арналған учаскелерді іздеуді оңтайландырады. Кәсіпкерлер мен әлеуетті инвесторлар өздерінің жобаларын жүзеге асыру үшін онлайн режимде бос жерлерді ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылыммен (жылу желісі, сумен жабдықтау және электр энергиясы) таныса алады.

 Қарағанды облысында қазіргі таңда бос жер учаскілері картасында бизнесті жүргізуге арналған 300-ге жуық жер учаскесі тіркелген. Бұдан басқа, ірі кәсіпорындардың жұмыс істемейтін учаскелерінде бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар қазір жұмыссыз тұрған өндірістік және банктерде кепілдікте тұрған объектілердегі алаңдарды бақылауға болады. Бұл учаскілерді іздеу үдерісін оңтайландырады, өйткені дайын тұрған ғимараттарды пайдалануға да мүмкіндік бар. Облыста мұндай 50 алаң бар.

 Бизенсті жүргізуге арналған аукциондарға шығарылатын бос учаскелерді көрсететін онлайн-карта тұрғындар мен бизнестің жер қорлары мен жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпаратқа деген ашықтық және толық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Бос жер учаскілері тізілімінде облыстың 9 ауданы мен 9 қаласындағы аукционға берілгелі жатқан бос жерлер көрсетілген.

 Аталмыш жүйе 2017 жылдың қараша айынан бері жұмыс істеуде. Жыл басынан облыс бойынша барлығы 742 жер учаскесі бизнесті дамытуға берілген, оның ішінде 119 учаске аукцион арқылы, 623 байқау арқылы берілген.

 «Бұдан басқа, облыс әкімдігімен мемлекеттік органдардың сайтты қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Картаны жаңарту үшін оларға барлық сипаттамалар мен мәліметтер беріледі», – деді Ернар Күлпейісов.  

 Картадағы учаскелер аукционға қойылғанын атап өту қажет. Аз ғана уақыт өткеніне қарамастан карта тәжірибелі және ісін жаңа ашқан бизнесмендер арасында өте танымал. Сондай-ақ, сайт бойынша жаңарту жоспарланып отыр.

«Мұнда бос жатқан жер учаскелері бойынша қажетті ақпаратты білуге болады. Содан кейін тиісті органға ақпарат алу үшін жүгінесіз. Бірақ бұл сайттың дамуы мұнымен тоқтап қалмайды, қазір сайтта кері байланыс функциясы қожетімді болды. Онда кәсіпкерлер өз ұсыныстарын енгізіп, сұрақтар қоя алады», – деді Ернар Күлпейісов.

Айта кетелік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік бизнесті дамыту мақсатында 7 бастаманы айқындады. Бірнішісі – бос учаскілері, аукциондар мен байқаулар бойынша Интерактивті картаны әзірлеу. 2017 жылдың сәуір айында Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен кәсіпкерлік мәселелері жөнінде комиссия құрылған болатын. Комиссияның негізгі міндеттері бизнес-ахуалды жақсарту, кәсіпкерлікке әкімшілік кедергілерді азайту және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер