«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Лифт қызметін пайдаланушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік күшейтілмек

2018 жылғы 29 Қараша
6997 просмотров

Пәтер иелері кооперативтерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды «Лифтшілер одағы» ЗТБ президенті Нұрлан Кенжебаев ұсынды.

Спикер өзін-өзі реттеу ұйымдарына кірген компаниялар адамдар өмірі үшін жауапкершілік алып, сақтандыруға дайын екенін атап өтті.

«Пилоттық жоба басынан-ақ бизнестің жауапкершілігін арттыруға бағытталған болатын. Лифтілердің құлауы, істен шығуы салдарынан лифт саласында өзін-өзі реттеуді құру туралы шешім қабылданды. Орын алған барлық бұзушылықтар лифт жабдығын қолдану қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, демек – адамдардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне де әсер етеді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.  

 Пәтер иелері кооперативімен ынтымақтасу – көрсетілетін қызметтердің жауапкершілігі мен сапасын арттырады, деп санайды Рустам Жүрсінов.

 Меморандумның маңыздылығын Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун да атап өтті.

 «Біз жауапкершілікті тұрғындарға ысырып тастамауымыз керек. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, «Атамекен» ҰКП және «Лифтшілер одағы» ЗТБ арасында биыл маусым айында ынтымақстастық туралы төртжақты меморандумнан қазір оң нәтиже алып отырмыз. Енді Одақ пен Пәтер иелері кооперативі арасындағы ынтымақтастық тиімді байланыстық жалғасы мен Өзін-өзі реттеуді енгізудің сәтті үлгісі болмақ. Өз кезегінде бақылау инспекциясы белгілі бір лифт компаниясына қанша шағым түскендігі туралы ақпарат беруге дайын. Өзін-өзі реттеу ұйымының міндеті – адал кәсіпкерлердің пулын құру», – деді Сергей Хорошун.  

Әкім орынбасары меморандумды тиянақтап, келісім жасау қажеттілігін атап өтті. Пәтер иелері кооперативі төрағалары ынтымақтастық туралы идеяны қолдады. Меморандум аясында тарифті тағайындау мәселесі қаралатын болады.

 Айта кетелік, сертификаттауды өткен және Өзін-өзі реттеу ұйымдары қабылдаған  стандарттарға сай 22 компания өзін-өзі реттеу ұйымдарына енді.  Нұрлан Кенжабаевтың айтуынша, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлі палатасымен бірлесіп, әзірленген ұлттық стандарт ұйымдар-иелерге де қатаң ережелерді қарастырады.

«Бүгінде үш сақтандыру компаниясының талаптарын қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар тұрғын үйлердегі лифтілер үшін материалдық жауапкершілікті Лифтшілер одағы өзіне алып отыр. Егер ұйымымыздың мүшесі олқылық жіберсе, онда материалдық жағын біз өтейміз», – деді спикер.

Айта кетелік, 2018 жылдың 21 маусымында Лифт шаруашылығының қызмет көрсету саласындағы реттеуді жетілдіру бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Меморандумды қабылдау шеңберінде үш ай ішінде мамандар Беларусь, Қытай, Түркия, Италия, Финляндия, Оңтүстік Корея мен Өзбекстанда жасалған, қолдану мерзімі 6-12 жыл 2400 лифтіге тексеру жұмыстарын жүргізді.

Зерттеу нәтижесінде шамамен 470 кемшілік анықталған, оның ішінде машина бөлімінде шатырдан су ағуы, машиан бөлімінде ауа кондициялаудың болмауы, диспечерлік бөлімде кері байланыстың болмауы және басқа да кемшіліктер.

 Қорытындылай келе, Рустам Жүрсінов лифт шаруашылығы тәжірибесін республика бойынша кең ауқымда қолдануды ұсынды. Пәтер иелері кооперативтері және өзін-өзі реттеу ұйымдарының өкілдері лифт шаруашылығы қызметтерін көрсетуде өзара әрекеттесу және ынтымақтасуды ары қарай жүргізуге келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер