«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада кәсіпкерлер электр желілеріне қосылу мәселесін талқылады

2018 жылғы 30 Қараша
- Қызылорда облысы
6447 просмотров

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы мен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің өңірлік департаменті бірлесіп кәсіпкерлерге электр желілеріне қосылу заңнамалық ережелері бойынша бизнес өкілдерімен жүргізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің өңірлік департамент басшысы – Мұрат Улеков пен облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық басқармасы, «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ және т.б. электрмен жабдықтау мекемелерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында  кәсіпкерлер тарапынан электр жабдықтарын күтіп-ұстау қызметтерін көрсетуге байланысты төлемдер, электрмен жабдықтаушы мекемелердің келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы, электр энергиясын үнемдеуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар, электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар алу, техникалық шарт беру мерзімі және өзге де бірқатар мәселелер қозғалды.

Елбасының Қазақстанның Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингі бойынша 30 елдің қатарына кіруі жөніндегі тапсырмасына сәйкес Үкімет елдегі бизнес-ахуалды және рейтинг позицияларын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс атқарып келеді.

Бұл ретте, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да Үкіметпен бірге бірлескен іс-шаралар қабылдауда.

Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2018» рейтингінде Қазақстан «Doing Business 2017» рейтингімен салыстырғанда өз рейтингін жоғарылатып 28 орынды иеленді, 2017 жылы біздің республикамыз  36-орында болған. Қазақстанның «Doing Business» рейтингісінің жақсаруына қолданыстағы заңнамаларды реформалау, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнес құру мен мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру рәсімдерін жеңілдету арқылы бизнеске әкімшілік қысымды азайту және іскерлік ортаны жақсарту бойынша шаралары ықпал етуде. Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен шара да осы мақсатты көздейді, яғни кәсіпкерлердің энергетика саласында кездесетін проблемаларын бірлесе талқылап отырып, шешу жолдарын қарастыру.

Ақпарат ретінде айтатын болсақ, бүгінде елімізде құрылысқа рұқсат беру бойынша - жер учаскесіне топографиялық түсірілім жүргізу туралы талапты алып тастау арқылы құрылысқа рұқсат беру рәсімдерін жеңілдетті.

Ал электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша - Қазақстанға электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық талаптарды беру мерзімдерін қысқартты - 200 кВт дейінгі электр қондырғылары қуаттылығымен белгіленген тұтынушылар үшін 14-тен 5 күнге дейін. Энергиямен қамту ұйымдарының тұтынушыларының жобалық шешімдерін келісу мерізімі  20 күннен 3 күнге дейін қысқарды. Құрылыс-құрастыру жұмыстарына рұқсатты алу қажеттілігі жойылды. Енді жобалаушыға элеткронды нысанда мемлекеттік сәулеттік-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталуы туралы хабарлама жіберу жеткілікті. Сонымен қатар  мемлекеттік энергия қадағалау және бақылау органынан электр желісіне қосылуға рұқсат алу қажеттілігі жойылған. Электрмен қамтуға шартты жасаудың апталық мерзімін электрмен қамту ұйымы үш күнге дейін қысқарды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер