«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

2018 жылғы 27 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
7558 просмотров

Қолдан жасалған сыйлықтар мен әшекейлерді Ақтөбе қаласы тұрғындары мен қонақтарды сатып ала алады. Іс-шараға сүйікті ісін табысты кәсіпке айналдырған жандар қатысып жатыр.

 «Hand made» жәрмеңкесі дәстүрге айналып, жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Жаңа жыл қарсаңында оны ақтөбеліктер ғана емес, шеберлердің өздері де асыға күтеді. Биыл қызылды-жасылды жәрмеңке «Табыс» коммуналдық базар ішінде өтті.

 «Бұл іс-шара Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының атсалысуымен өтті. «Табыс» коммуналдық базардың басшылығы «Өңірдің туристік компаниялары қауымдастығы» бастамасын қолдап, қолөнер шеберлеріне сауда орындарын бөліп берді. Тегін. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының бастамасын қолдап қолдау білдіргендері үшін базар басшылығына алғыс білдіреміз», – деді ӨКП сарапшы Айнұр Баймұратова.

 27 желтоқсан күні жәрмеңке басталып 29-на дейін жалғасатын болады. Суретшілер, зергерлер, қолдаңбалы қолөнер шеберлері өздерінің авторлық туындыларын сатылымға қойды, мұндай ерекше заттар жақындарға жаңа жылдық сыйлықтар жасауға таптырмас тауарлар.

 «Көбіміз үй шаруасында отырған қыз-келіншектерміз. Кішкенай балаларымызға қарап, қолөнермен айналысамыз. Әрине қолдан бұйым әзірлеу бізге ақша табудың мүмкіндігі, бірінші кезекте мұндай жәрмеңкелер – жеке шығармашылығынды көрсету, ұсыну. Қазір жаңа жылдық мерекеге қарай доңыздардың мүсінін жасадым, сонымен қатар пкает ұстап тұратын, ыстық ыдысты ұстағыштарды да тіктім, балаларға арналған көзтимесіндер де бар. Қазір жылы шәркей сыйлау да сәнде», – деді жәрмеңкеге қатысушы Ирина Барышникова.

Бірегей әшекейлер, жұмсақ ойыншықтар, сөмкелер мен аксессуарлардың сатылымы көкөніс пен жеміс сөрелері жанында жайғасты. Бұл заттардың басты ерекшелігі – әр бұйымға қолөнер шебері қолының жылулығы сіңген.

 Ләйля Байғонова киізден ұлттық нақышта ойыншықтар әзірлейді. Үлкен түйені әзірлеуге екі апта уақыт кетеді, ал қуыршаққа бірнеше күн жеткілікті.

 «Осындай іс-шараны жыл сайын ұйымдастырып жатқан Кәсіпкерлер палатасына рахмет. Ұлым екеуміз кәдесыйлар әзірлейміз. Зейнекерлікке дейін мұғалім болдым, енді жұмыссыз отырмас үшін тәрбиелік әрі паториоттық мәні бар сыйлықтарды әзірлеуді қолға алдық. ЭКСПО-қатыстық, шетел азаматтары расында мұндай заттар сұраныста. Туризм дамуымен кәдесыйлық кластерді де дамыту керек деп есептеймін», – дейді шебер.

 Мұндай жәрмеңкені қала тұрғындары асыға күтетіні байқалды. Әсіресе келер жылдың белгілері мен нышандары сұраныста.

 «Осындай шараларға қуана барамыз. Мұнда заттар әдемі, сапалы, бастысы бірегей. Шеберлер қашанда сыпайы, бағалары арзан», – деді ақтөбелік Айгүл.

Естеріңізге салсақ, Өңірдің туристік компаниялары қауымдастығы Ақтөбе облысы ӨКП жанынан былтыр құрылған болатын. Қазір қауымдастық құрамында турагенттіктер мен операторлардан бөлек шеберлер бірлестіктері де бар.

Бұйымдарды сатып алу үшін  мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады Ирина Барышникова – 87771123639, Ләйля Байғанова 87078714977.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер