«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасында есепшілерге салық саласындағы өзгерістер таныстырылды

2019 жылғы 14 Наурыз
- Ақтөбе облысы
1436 просмотров

Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Бухгалтерлер клубының «Салық заңнамаларына енгізілген өзгерістер» тақырыбындағы кезекті отырысы өтті. Сарапшы ретінде Ақтөбе облысы есепшілер мен аудиотрлардың «Есеп» ҚБ мамандары шақырылды

Іс-шарада қатысушыларға корпоративтік табыс салығы бойынша декларация әзірлеу, бухглатерлік есептің ерекшеліктері мен мерзімдері, жеңілдетілген тәртіп бойынша төленетін салықты есептеу секілді заңдағы негізгі өзгерістер жөнінде түсінік берілді. Семинарда дәріс оқыған, тәуелсіз салық кеңесшісі, кәсіби бухгалтер Меңсұлу Өтенова қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан бухгалтерлердің көбі есеп жасаудың халықаралық стандарттарын біле бермейтінін тілге тиек етті.

«Экономикамыз даму үстінде болғандықтан, Салық заңнамаларына өзгерістер жиі енгізіледі. Олар туралы қарапайым есепші мамандардың біле бермеуі мүмкін. Сондықтан, бухгалтерлерге арналған салық, аудит салаларындағы өзгерістер жайында осы секілді семинарлар өткізудің маңызы зор. Кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, мұндай шараларды жиі өткіземіз деп шештік, сонымен қатар ақылы консультациялар да жүргіземін», – дейді Меңсұлу Өтенова.

Еске салсақ, Ақтөбе облысының Бухгалтерлер клубы 2017 жылдың наурыз айында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған болатын.  Бүгінгі күні оның құрамында 200-ге тарта есепші мен аудит маманы бар.

«Бухгалтерлер клубы бизнес-ортаны жақсарту мақсатында құрылды. Кәсіпкерлік субъектілеріндегі көптеген мәселелер осы есеп пен салық заңдылықтарын білмегендіктен туындайды. Көптеген жеке кәсіпкерлердің штатында есепші мамандар жоқ, ал өздері салық заңнамаларын білмегендіктен, кей жағдайларда артық төлемдер жасап жатқанынан да бейхабар болып жатады. Сондықтан, кәсіпкерлер арасында есеп және салық салу жөнінде түсіндіру жұмыстары жиі өткізілуі керек. Бұл тұрғыда клубтың көмегі зор»,-дейді Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Руслан Күйшінов.

Кездесуде қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды және арнайы сертификаттарға ие болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер