«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Менің Атамекенім»: Массаж қызметін көрсететін кәсіпкер мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларды тегін қабылдайды

2019 жылғы 22 Мамыр
- Алматы қаласы
4004 просмотров

Алматылық кәсіпкер «Менің Атамекенім» жобасына қолдау білдірді

Жеке кәсіпкер Евгений Жаров Қостанай өңірінің тумасы. Массаж жасаушының портфолиясында, «Сосновый Бор» сауықтыру орталығы, «Ана мен бала» профилактикалық орталығы, Тараз және Мәскеудің әр түрлі медициналық орталықтары мен ауруханаларында тірек-қимыл жолдарын емдеу бойынша жұмыс істегендігі көрсетілген. Осыдан жарты жыл бұрын Евгений Алматыға көшіп келген, қазіргі таңда «Жаров» ЖК оңтүстік астананың тұрғындарына қызмет көрсетуде.

«Алматы – үлкен мегаполис. Мұнда жақсы ауа райымен қатар, адамдары қонақжай, мен осы қалада тұрақтап қалуды қалаймын», – дейді жеке кәсіпкер.

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының қайырымдылық акциясы туралы естіген Евгений Жаров, жобаға қосылуға және әлеуметтік жауапкершілік көрсетуге шешім қабылдаған. Осы орайда, кәсіпкер табысы аз адамдарға, мүгедектермен зейнеткерлерге тегін 10 орын бөлуге дайын.

«Жаз бойы демалыс күндерде, ем-профилактикалық массажын қажет ететін адамдарды қабылдай аламын. Жоғарыда аталған топтағы адамдарға сенбі және жексенбі күндері 3 сағаттан уақыт бөлуге дайын. Акция бойынша маған балалардың церебральды салдарымен ауыратындар, дисплазия, қисық және тірек-қимыл аурулары бар, басқада балалар жүгіне алады. Сондай-ақ, остеохондроз, радикулит, жарақаттан кейінгі синдром, пульттен кейінгі жағдайлар сияқты аурулармен ауыратын ересектерді де тегін қабылдауға дайынмын», – деп айтты Евгений Жаров.

Алдын ала жазылу міндетті түрде, байланыс тел. +7 771-158-2000 (күн сайын сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін қоңырау шалу керек).

«Менің Атамекенім» жобасы халықтың жүйелі және атаулы әлеуметтік мәселелерін анықтауға бағытталған. Өмірде қиын жағдайға тап болған кез келген адам «Менің Атамекенім» порталына кіріп, өз мәселесі туралы айтып бере алады. Сайтта «Маған көмек қажет» батырмасы бар, оны басқан кезде сауалнама нысаны бар терезе пайда болады. Оны жүктеу, басып шығару және толтыру қажет. Толтырылған сауалнаманы сканерлеп және сайтқа жүктеу керек. Мұқтаждарға көмек көрсеткісі келетіндер үшін «Көмек бергім келеді» батырмасы қарастырылған. Сондай-ақ, өтініштерді whatsapp-қа +7 776 333 77 66 нөмірі арқылы жіберуге болады. «Менің Атамекенім» платформасының арқасында жомарт азаматтар қиын жағдайға тап болған адамдар туралы біле алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер