«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Петропавлда «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша оқу басталды

2019 жылғы 10 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
8734 просмотров

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберіндегі «Іскерлік байланыс» жобасы бес жыл қатарынан іске асырылып келеді. Жобаның операторы – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Биыл Солтүстік Қазақстан облысының бизнесмендері елордалық кәсіпкерлермен қоса білімдерін жетілдіре алады

 «Іскерлік байланыс» жобасының бірінші кезеңі өңірлік деңгейде өтеді – онда кәсіпкерлерге арнап тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады. Бизнес-тренерлікке отандық және шетелдік мамандар шақыртылады. Мәселен, бизнес-тренерлердің бірі – Ирина Фенске Петропавлға Германиядан келді. Айта кетелік, «Іскерлік байланыс» жобасы экономиканың басым бағыттарында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буын жетекшілеріне арналған. 

                                                                

«Курс барысында кәсіпкерлерді жеке бизнесті анағұрлым тиімдірек басқаруды, мақсаттарды дұрыс белгілеу, осы мақсатқа жетудегі қадамдарды  үйретеміз. Олар өздерін мемлекеттік экономика кескінінде көруді, бизнесті цифрландыру және әлеуметтік желі сынды бүкіл әлемде қолданылатын жаңа құралдарды пайдалаунды үйренеді», – деді бизнес-тренер Ирина Фенске.

Петропавлда оқу үш аптаға созылады. Осы уақыт ішінде жоба қатысушылары бірнеше бизнес-тренермен жұмыс істейді. Ал екінші кезеңде – тиімді бизнес-жоспарды ұсына алатын, ең белсенді, табысты қатысушылар шетелдік бизнес-тағылымдамаға іріктеледі. Осылайша жоба қатысушылар бір ай бойы өз бейіндері бойынша шетелдік өндірісте болып, жаңа технологиялармен танысады, білік пен білім жинайды. Екінші кезең Германияда өтеді.

«Солтүстік Қазақстан облысында «Іскерлік байланыс» курсы аясындағы оқу 2 жыл қатарынан ұйымдастырылып жатыр. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бірінші кезең Петропавл қаласында өтуіне қол жеткізді. Былтыр осы мүмкіндікті шамамен 30 адам пайдаланды. Оның ішінде «Эко Пак» компаниясының жетекшісі Германияға барып келді, технологияларды алмасу бойынша тәжірибе жинақтап, инвестицияларды тарту бойынша білік алды», – деді СҚО ӨКП директорының орынбасары Марат Ысқақов.                                                               

                                                                

 Қазіргі таңда эко қаптаманы шығаратын фирма неміс компанияларымен өзара ынтымқатастық бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Аталған кезең технологиялар трансферті мен жабдық сатып алу, тауар, жұмыс, қызметті өзара жеткізу, франшизалар алу, бірлескен кәсіпорындарды құру, сонымен қатар халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алуға мүмкіндік береді. Қатысушылар шетелдік бизнес-тағаламадамаға тегін қатысады.                                                 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер