«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде «Жас кәсіпкер» жобасының түлегі Beauty Room ашты

2019 жылғы 22 Қазан
- Ақтөбе облысы
6721 просмотров

«Атамекен» ҰКП жобасы арқылы 22 жасар Іңкәр Молдабай кәсіпкер атанды

Жеке сұлулық салонын ашу оңай болып шықты, дейді жас қыз. Қажет білімді ол «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы алған. Жоба аясында тренер Серік Досмұхамбетов сауатты бизнес-жоспар жасауға сүйемелдеу көрсеткен.

«Мен декреттегі анамын. Балам бір жастан енді асты. Осыған қарамастан үйде клиенттерді қабылдап, косметологиялық қызметтерді көрсеттім. «Жас кәсіпкер» жобасы кәсіпкерлік негіздерін игеруге, жеке мүмкіндіктерге сенуге көмектесті. Жоба аясында қайтарымсыз грантқа ие болдым», – деді Іңкәр Молдабай.

Келіншек «Еңбек» бағдарламасы бойынша 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грант ұтып алды. Әрине, кейбір адамдар 505 000 теңге кәәсіп бастауға аз деп айтар. Бірақ Іңкәрдің үлгісі негізінде бастауыш кәсіпкер үшін қаражатты тиімді пайдаланса, бұл  жеткілікті екенін көруге болады.

«Осы қаражатқа 4 кушетка, 2 маникюр үстелі, екіорындық визаж үстелі, орындықтар, екі бар орындығы, стерилизацияға арналған мүкәммал, аппаратты маникюр мүкәммалы, вентилятор және ультракульгін шамды  сатып алдым. Орынжайды әзірге жалдап отырмын», – деді бастауыш кәсіпкер.

Салон ашылғаннан кейін 10 адам жұмыс орындармен қамтылды. Олардың барлығы косметология, визаж және шаштараз саласында білікті  қызмет көрсетеді.

 Түлегіміз Іңкәр Молдабай жаңа іске құлшыныспен кірісті. Бизнес-тренер Серік Досмұхамбетов тыңдаушылармен үнемі байланыста. Жоба түлектері жыл бойынша «Атамекеннен» сүйемелдеу алады. Іңкәр осы саланы мықтап қолға алмақ.

 Естеріңізге салсақ, «Жас кәсіпкер» жастарға арналған «Атамекен» ҰКП жобасы Жастар жылына орай «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл іске қосылды. Ақтөбе облысы бойынша 1 100 тыңдаушы оқыды. Соның ішінде 289 адам қаржыландыру алды (284 грант, 4 микронесие).

ӨКП қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Диана Жұмабаеваның айтуынша, «Жас кәсіпкер» жобасы ел ауқымында танымал оқыту – «Бастау» жобасына ұқсас. Аталған жоба бойынша 1 945 адам оқыды, 469 адам қаржыландырылды, соның ішінде 229 – грант, 236 – микронесие. Жыл соңына дейін 1 540 адамды оқыту көзделген.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер