«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының құралдары қолжетімді бола түсті

2020 жылғы 22 Маусым
- Ақтөбе облысы
4456 просмотров

Ақтөбе облысында «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелеу мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мақұлданған жобалар саны артқан

Бұған пандемияға байланысты төтенше жағдай кезінде дағдарысқа қарсы шаралар аясында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен құралдарды жақсарту оң әсер етті.

Осыған байланысты Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Облыстық кәсіпкерлік басқармасы бірлесіп, аудандық кәсіпкерлік бөлімшелері жетекшілерімен ZOOM конференциясын өткізді.

Бейне байланыс барысында Бағдарламаның жаңа шарттарымен танысу, мақұлданған жобалардың іске асырылуын талқылау жүргізілді.

ӨКП жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Дидар Боранқұловтың айтуынша, ауыл тұрғындары арасында Бағдарламаның ең сұранысқа ие бағыты – көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру және Бағдарламаға 100,0 млрд теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыру болды.

Жыл сайын шаруа қожалықтары егіндік жұмыстары кезінде жанармай, тыңайтқыштар, тұқымдарды сатып алуда қиындық көреді. Жеңілдікпен қаржыландыруды 600 млн теңгеге 8 ауыл шаруашылығы өндіруші пайдаланды, соның ішінде несие серіктестігі арқылы 2 шаруа қожалығы жалпы сомасы 394,0 млн теңгеге несие алды.

 Сонымен қатар Аграрлық несие корпорациясына несие серіктестіктерін қаржыланыдру үшін қаржыландыру бөлу мүмкіндігі бағдарламаға енгізілген өзгерістердің 5-пакеті бойынша берілген. Несие серіктестіктері арқылы несиелеу ауыл кәсіпкерлеріне қарыз қаражатын алуға шығындарды оңтайландыру тұрғысынан өте ыңғайлы құралға айналды.

 Пандемия кезінде шектеу шаралары өңір шаруаларына кедергі болмады. Бұған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша мақұлданған жобалар дәлел бола алады.

 Мысалға, жыл басынан өңірде 3,7 млрд теңгеге 55 жоба мақұлданды, соның ішінде  3,3 млрд теңге АӨК және ауыл шаруашылығын өнімін өңдеуге бағытталған. Немесе 47 шаруа «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша жеңілдетілген қаржыландырумен қамтамасыз етілді.

 Аталған бағдарламаның іске асуы бойынша Өңірлік жобалық алқа портфелінде 157 жоба бар, соның ішінде екінші деңгейлі банктер және Агро несие корпорациясы бойынша 140 жоба мақұлданды, 12 жоба қаржы институттарының қарауында жатыр, тағы 5 жоба әзірлену үстінде.

 Жуық арада «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде жеңілдікпен несиелеу құралдарымен жаңартылған слайдты жариялаймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер