«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде демалыс күндері карантин күшейтіледі

2020 жылғы 25 Маусым
- Ақтөбе облысы
4570 просмотров

Қалада ойын және сауық орталықтары, базарлар, азық-түліктік және азық-түліктік емес сауда желілерінің жұмысы тоқтатылады. Жаңа шектеу және карантиндік шаралар келе жатқан демалыс күндері 26 маусым сағат 22:00-ден 29 маусым сағат 00:00-ге дейін енгізіледі. Осындай шектеу эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін әр демалыс күндеріне жоспарланған.

 Ақтөбе облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №39 қаулысына сәйкес 2020 жылдың 26 ​​маусымындағы 22.00-ден бастап, 29 маусымда және 00: 00-ге дейін келесі объектілердің қызметі тоқтатылады:

 1) келесі кәсіпкерлік субъектілері мен объектілері қызметін тоқтату, соның ішінде:

 -сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері (супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар, азық-түліктік емес тауарлар дүкендері, жәрмеңкелер;

-тамақты тапсырысқа жеткізуден басқа, мейрамханалар, кафелер, фаст-фуд, фудкорттар, асханалар және басқа да қоғмадық тамақтану орындары;

 - фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, спорт залдар, спорттық кешендер, бассейндер;

- SPA-орталықтар, SPA-салондар, сұлулық салондары, шаштараздар, тырнақ шеберханалары, шаштараздар, тотығу салондары, массаж орталықтары және басқа да осыған ұқсас қызмет көрсету объектілері;

 -халыққа қызмет көрсету саласындағы объектілер;

-қоғамдық моншалар, сауналар;

-қоғамдық көліктің қатынауы;

 -ТЖО, көлік жуу, дөңгелек жөндеу, автобөлшек дүкендері;

-ату алаңдары, тирлер;

- құрылыс алаңынан тыс жұмыс режимін қамтамасыз ету мүмкіндігі бар жұмысшылар үшін құрылыс алаңдарында жатақханаларды қоспағанда, құрылыс компаниялары;

 -қоғамдық жерлердің жұмыс істеуі: саябақ, алаңқай, жағалаулар, көше ойын алаңдары және басқа да демалыс орындары (соның ішінде жағажайлар);

-қаржы нарығы субъектілері мен шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар.

 Осы ретте  көпқабатты үйлер мен жеке секторда орналасқан азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарларды сататын шағын дүкендер сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей алады.

 Жұмыс істеуіне рұқсат берілген нысандар:

 1. Денсаулық сақтау жүйесі, соның ішінде:

 2. мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық ұйымдар, соның ішінде тіс емдеу;

3. зертханалық қызметтер;

4. дәріханалар;

5. ветеринарлық қызмет;

6. қала инфрақұрылымы мен коммуналдық қызмет, соның ішінде:

-электр-энергиялық компаниялар;

-сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау;

-өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметі;

-тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехниктер, аулалар мен үй-жайларды тазарту, апаттық қызмет, оның ішінде лифтке техникалық қызмет көрсету);

-көше және орынжай жинау;

-қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және утилизациялау;

-дезинфекция;

7. жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар;

8. телекоммуникация және байланыс;

9. арнайы көлік құралдары мен такси қызметі;

10. пошта, курьер қызметі;

11. әуежай, теміржол, автовокзал;

12. БАҚ;

13. жанармай бекеттері;

14. басқа да маңызды қызметтер, соның ішінде:

 - азық-түлік жеткізу қызметтері, көп қабатты үйлерде және жеке секторда орналасқан дүкендер, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, сонымен қатар қажетті тауарларды жеткізу сервистері;

-сауда-логисткиалық орталықтар, қоймалар, азық-түлік, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарының дистрибуциясы;

 -мемлекеттік органдар.

 Рұқсат етілген қызмет түрлері тізіміне енбеген ұйымдар қызметін тоқтатуыға міндетті.

 Қаулының толық  мәтіні

Осы күндерге Өңірлік кәсіпкерлер палатасы шектеулерге қатысты мәселелер болған жағдайда  кәсіпкерлерге мына нөмір арқылы хабарласуды сұрайды: +7 701 222 1574.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер