«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

#Жақсылықжаршысы: ЕЭК Алқасының мүшесі Мәскеуден ақтөбелік дәрігерлерге респираторлар мен қорғаныс костюмдерді сыйға тартты

2020 жылғы 28 Шілде
- Ақтөбе облысы
2996 просмотров

Ізгіліктің тізбегі үзілмейді. Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Серік Жұманғарин жерлестеріне медициналық персоналға арналған жеке қорғаныш құралдарының топтамасын сатып алып, беріп жіберген болатын (Мәскеу,РФ).

Жүктерді өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қарсы алып, сүйемелдеді.

Қажеттілігіне қарай КН95 респираторлары 3500 дана және қорғаныш костюмдері – 500 данада Ақтөбе медициналық орталығына тапсырылды.

Бұл өте қажетті және уақтылы көмек. Қорғанудың барынша жоғары деңгейін қамтамасыз ететін «қызыл аймақтарда» жұмыс істейтін және жұқпаланған  пациенттермен байланыста болатын медицина қызметкерлеріне арналған арнайы киім мен жабдықтар.

Ілеспе хатта Серік Жұманғарин осы қауіпті аурумен күресіп жатқан Ақтөбе облысының барлық дәрігерлеріне алғысын білдіріп, оларға сәттілік, денсаулық және амандық тіледі.

Естеріңізге салсақ, «Жақсылық жаршысы» республикалық акциясын «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп іске қосқан болатын.Оның мақсаты – қаражат, дәрі-дәрмек, сондай-ақ коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық мекемелерге қажетті жабдықтарды жинау болып табылады.

 «Жақсылық жаршысы» акциясының негізгі міндеті шынымен көмекке мұқтаж азаматтар мен медициналық мекемелер, сондай-ақ көмектескісі келетін азаматтар арасындағы байланыстырушы көпір болу.

Көмекке мұқтаж азаматар немесе көмек ұсынғысы келетін жандар үшін atamekenim.kz сайтына сілтеме.

Деректеме:

Қаражат жинау үшін шот «Менің Атамекен» Қоғамдық Бірлестігімен ашылды.

Ақшалай көмекті сілтеме бойынша өту арқылы («көмек көрсеткім келеді» батырмасын басып) компьютер немесе смартфон арқылы және банк арқылы келесі деректемелер бойынша аударуға болады:

«Менің Атамекен» Қоғамдық Бірлестігі

010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5 үй

БСН 180540015308

ЖСК KZ076018821000192561

БСК HSBKKZКX

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на

Кбе 18

ТТК 119-басқа да өтеусіз ақша аударымдары


Еншілес ұйымдар

Серіктестер