«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматылық кәсіпкерлер зардап шеккен салалар тізімін кеңейтуді ұсынды

2020 жылғы 18 Қыркүйек
- Алматы қаласы
5116 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев алматылық кәсіпкерлермен кездесу өткізді

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында бизнесмендер кәсіпкерліктің ең өзекті мәселерін көтерді.

 Тимур Құлыбаевтың айтуынша, мемлекет пандемия салдарын еңсеруге 5,9 трлн теңге бөлген.

 «Тәжірибе кейбір бағдарламалар (кәсіпкерлер арасында) айтарлықтай сұранысқа ие, кейбірі тиімсіз екенін көрсетті. Біз сіздермен Үкімет алдында, қандай бағдарламаларды күшейту қажет, қандай бағдарламаларды қысқартып немесе алып тастау қажеттігі бойынша ұсыныстарды қорытуымыз керек», – деді спикер.

 Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышевтың ақпараты бойынша Алматы қаласы кәсіпкерлері үшін бірқатар өзекті мәселе бар.

 Соның ішінде – мемлекеттік ұйымдар, квазимемлекеттік сектор және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары кезінде орын алатын проблемалар.

 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатып алулары процедурасы мемлекеттік сатып алулардан түбегейлі өзгеше. «Самұрық-Қазына» өкілдері келісімшарт жасалған соң сатып алулардан бас тартқан жайттар бар. Кәсіпкерлер ақша жұмсайды, келісімшартты орындау үшін несие алады, алайда түптің түбінде айтарықтай қаржылай шығын көреді», - деді ол.

 Мәселенің шешімі ретінде спикер тапсырыс берушілерді бағалау жүйесін «Атамекен» ҰКП бақылауына беруді ұсынды, осылайша кәсіпкерлер  «Самұрық-Қазына» сатып алушылары жұмысын нақты бағалай алады.

 Бұдан бөлек, тауарлардың кедендік құнының тым жоғарылығына қатысты мәселені көтерді, мұның салдары тауарды кедендік бақылаудан өткізу Қырғызстанға өтіп кетуіне себеп болып жатыр.

 «ҰКП позициясы – бизнесті қолдау, баж салықтары жоғарылауының болмауы, ашық жүргізілуі. Осыған дейін келесі ұсыныстарды айтқан болатынбыз:  ашық режимде тауарлардың кедендік құны көрініп тұратын сайт құру; құны нұсқаларсыз төмен баға бойынша көрініп тұрады; бағалық зерттеуді ҰКП жүргізіп, пайдалануға мемлекеттік кірістерге жібереді», – деді ол.

Сондай-ақ алматылық кәсіпкерлер бизнестің жекелеген түрлері әлі жұмыс бастамағанын, олар ТЖ және карантин кезеңінде экономиканың зардап шеккен салалары қатарында еместігін айтты. Мәселен, мектептегі асханалар, боулинг, бильярд, караоке, компьютер клубтары және басқалар. Аталған қызметтердің жалпы экономикалық қызмет жіктеуіші экономиканың зардап шеккен салалары тізіміне қосылмаған (ҚР Президентінің «Салық салу мәселелері бойынша «Экономиканы ары қарай тұрақтандыру шаралары туралы» 2020 жылғы 16 желтоқандағы №287 Жарлығын іске асыру бойынша ары қарайғы шаралар туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысы). Сәйкесінше, аталған салалар мемлекеттен жеңілдіктер алмады.

  «Кәсіпкерлер жұмыс істей алмайды, демек, жұмыскерлерге еңбекақы, міндетті төлемдер, соның ішінде міндетті медициналық сақтандыру қорына төлемдер жасай алмайды. Осыған байланысты осы ұйымдардың науқастанған жұмыскерлері медициналық көмек ала алмайды. Оларға барлық медициналық қызметтерге ақы төлеу ұсынылады, бірақ жұмыс істемейтін адамдарда қаражат жоқ», – деді «Izo-Market KМ» ЖШС бас директоры Константин Босиков.

 Сарапшылардың есептеуі бойынша қазіргі таңда 8 мыңға жуық кәсіпкер өз кәсібін қайта бастай алмады. Бизнесмендер тыйым салынған бизнес түрлерін экономиканың зардап шеккен салалар қатарына қосуды, сондай-ақ жұмыскерлерге еңбекақы төлеу немесе 1 ең төмен айлық еңбекақыны төлеу үшін 12 айға пайызсыз несие беру, осы кәсіпкерлердің жұмыскерлеріне медициналық сақтандыруды іске асыру бойынша қолдау шараларын қарастыруды ұсынды.

 Кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіпті қолдау, жекеменшік колледждерге мемлекеттік тапсырыстың шығындарын өтеу, жұмыс орындарын сақтау шаралары, санитарлық талаптардың сақталуын тексеру кезіндегі бұзушылықтар және басқа да мәселелерді айтты.

 Жиынды қорытындылай келе, Тимур Құлыбаев барлық айтылған мәселе назарға алынатынын айтты.

 «Біз азаматтардың денсаулығын сақтай отырып, кәсіпкерлерге жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін бизнес мүддесін қорғайтын боламыз», – деді Тимур Құлыбаев.

  


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер