«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысындағы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық «Аға сеньорлар» миссиясына қатысты

2020 жылғы 05 Қазан
- Ақтөбе облысы
4252 просмотров

 «Степное» ЖШС отандық маманнан етті бағытта мал өсіруді дамытудың тиімділігін арттыру бойынша кеңестер алды. Он күн ішінде ғылыми-консультациялық қолдауды ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ ақбас тұқымды республикалық палатасы директорының орынбасары Нұрлыбай Қажғалиев жүргізді

 «Степное» ЖШС Актөбе облысы Қарғалы ауданының аумағында орналасқан.

Шаруашылық дәнді дақылдарды өсіру және өңдеу, қазақтың ақбас тұқымды асыл тұқымды ірі қара малын өсіру, шұжықтардың түрлі атаулары мен ассортименттерін, нан-тоқаш өнімдерін өндірумен айналысады.

Кәсіпорын жан-жақты жабдықталған, онда МТМ, мұнай базасы, машина алаңы, екі механизацияланған ток, ауыл шаруашылығы өнімін сақтайтын қоймалар бар. 2020 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайға сәйкес шаруашылықта 1 617 бас болды.

 «Сарапшының бағалауы бойынша фенотипті көрсеткіштер бойынша қожалықтағы мал ақбас тұқымды мал стандартына сәйкес келеді. Шаруашылықта 1617 бас бар, соның ішінде 142 бас элита-рекорд класына немесе 8,7 пайызы жатқызылды, элитаға – 778 бас немесе 48,1 пайызы, бірінші класқа – 356 бас немесе 21,9 пайызы, және екінші класқа – 342 бас, сәйкесінше 21,1 пайызы жатқызылды.

«Аға сеньорлар» жобасы отандық сарапшылардың кеңес беруін, кәсіпорынға диагностикалау және кәсіпорынды дамытудың нақты мәселелерін анықтауды, сондай-ақ нақты проблемаларды жою бойынша шешімдер мен практикалық жұмыстарды әзірлеуді көздейді.

«Степное» ЖШС мамандары «Аға сеньорлар» жобасының өзектілігін атап өтті.  Серіктестікке сарапшылардың асыл тұқымды малдың селекциялық жұмыстарына жүргізудегі көмегі қажет болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер