«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада мектеп пен оқу орындарының асханаларына жұмыс жасауға рұқсат етілді

2021 жылғы 09 Ақпан
- Қызылорда облысы
4711 просмотров

Бүгін, 9 ақпанда Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Д. Жанабергенова қол қойған № 2 қаулы шықты. Қаулыға сай Қызылордада мектептер мен оқу орындарындағы асханалардың жұмыс жасауына рұқсат берілді.

Қаулыдан: «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №67 Қаулысының 46-қосымшасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың және 2020 жылғы 28 тамыздағы енгізілген толықтырулардың талаптарына сәйкес, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимін, келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау және асханаларды тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын толтыру шартымен білім беру ұйымдарындағы контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық дәстүрлі форматта оқитын мектептер, 1-ден 5-ші сыныпты қоса алғанда, оқу бітіретін 9, 11 (12) сыныптардағы оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының І курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне  рұқсат ету».

Құжатта қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілетіндігі жазылған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер