Ақтөбе облысында "Бастау Бизнес" жобасы сәуір айында басталады
Кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытудан өңірдің 1 200 тұрғыны өте алады. Өткен жылдағыдай "Atameken Academy" онлайн-платформасы арқылы қашықтықтан оқыту қарастырылған.
Кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқыту бірнеше кезеңнен тұрады. Қатысушыларға топтарда практикалық оқыту, бизнес-жобаны таныстыруға дайындық жүргізіледі.
"Бизнес-жоспар құру, салықты түсіну және сатуды көбейту идеясын анықтау — мұның бәрі бастапқы кезде кәсіпкер үшін оңай емес. Сондықтан кәсіпкерлікке оқыту бойынша "Бастау Бизнес" жобасы бизнесті бастауға көмектеседі. Жоба сәуір айының бірінші онкүндігіне басталады деп жоспарланған. Ағымдағы жылы елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты курс өткен жылдағыдай онлайн-форматта өтеді. Оқуға жұмыссыздар; еңбекке жарамды мүгедектер; жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер; аз қамтылған және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері; зейнет жасына жетпеген ауылшаруашылық кооперативтерінің мүшелері, шаруа мен фермерлік қожалықтар, оның ішінде якорлық кооператив мүшелері; қоныс аударғандар мен қандастар қатыса алады", - деп атап өтті ӨКП ҚКО қаржылық емес қолдау бөлімі бастығының м.а. Лаззат Жаманқұлова.
Айта кету керек, мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды, сәйкесінше курсқа қатыспайды. Сонымен қатар бала күтімімен демалыста жүрген аналар мен орта арнайы оқу орындары мен ЖОО студенттері де курсқа қатыса алмайды.
Оқуға өтініш беру үшін қажет:
- -жұмыспен қамту орталығына хабарласу керек, онда мамандар сіздің мақсатты аудаторияға сәйкес келуіңізді тексереді. Оқуға жолдама беріледі. Жұмыспен қамту орталығына жеке куәліктің көшірмесін апару керек.
- -қатысуға өтінімді atameken.co сайтына жолдап, жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі мен жұмыспен қамту орталығы берген жолдамады жүктеу керек.
"Бастау Бизнес" оқу ұзақтығы - 21 күн. Аралық тестілеу қамтылған 50 бейнетоптама + консультациялар мен бизнес-тренермен кері байланыс жоспарланған. Сабақ материалдарына қол жеткізу үшін кәсіпкерлі туралы біліктілікті анықтайтын 15 сұрақтан тұратын тестіден өту керек. Тест нәтижесі оқуға әсер етпейді. Қорытынды тестіден сәтті өткеннен кейін тыңдаушы бизнес-жоспар конструкторына қол жеткізе алады. Жасалған бизнес-жоспарды бизнес-тренер және тәуелсіз сарапшы қарастырады.
Тестілеу сәтті өтіп, бизнес-жоспар әзірленген соң тыңдаушы курс аяқталғаны жайында сертификат алады, сертфикат арқылы бизнес бастауға грант алуға мүмкіндік қарастырылған. Егер бизнес-жоспарыңыз тәуелсіз сарапшының бағалауынан өтпей қалса, қажетті бал жиналмай қалса, сізге бағдарламаға қатысқаны туралы сертификат беріледі.
Курс бағдарламасы:
- 1-модуль. Бизнеске арналған әлеуетті нишалар мен жобалар
- 2-модуль. ҚР-да стартап, ШОБ-ты қолдау шаралары
- 3-модуль. Табысты кәсіпкердің ой өрісі мен дағдылары
- 4-модуль. Бизнес-идеяны таңдау
- 5-модуль. Бизнес-жоспарлау. Маркетингтік зерттеу
- 6-модуль. Маркетинг негіздері
- 7-модуль. Қаржы сауаттылығы
- 8-модуль. Бизнесті құқықтық сүйемелдеу
- 9-модуль. Салық салу
- 10-модуль. Бизнеске арналған электронды қызметтер
- 11-модуль. Жобалар бойынша біліктілікті қалыптастыру
- 12-модуль. Жобаны таныстыру
Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды "Атамекен" ҰКП "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. "Бастау Бизнес" жобасын іске асыру жылдарында Ақтөбе облысында барлығы 9 345 адам оқытудан өтті. 2020 жылы "Бастау Бизнес" оқуымен өңірдің 1 404 тұрғыны қамтылды, олардың 1 006-ы өз жобаларын іске асыруда.
"Бастау Бизнес" жобасын іске асыру сәтінен бастап 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде Ақтөбе облысында 9 345 адам оқытылды, жалпы сомасы 3 767 млн. теңгеге 2009 (41%) жоспары кезінде 2 831 бизнес-идея іске асырылды.
Пандемияға байланысты былтыр «Бастау Бизнес» жобасы маусым айында онлайн режимде басталды. 1404 тыңдаушы оқытылды. 1006 тыңдаушы жалпы сомасы 1036,0 млн. теңгеге қаржыландырылды (оның ішінде кредит -565,0 млн. теңге, гранттар 471,4 млн. теңге).
4 жыл ішінде Ақтөбе облысында 2831 кәсіпкерлік субъектісі құрылды, ШОБ өсімі 4,5% - ды құрады.
Іске асырылған жобалардың негізгі үлесі:
- 2 296 жоба ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға тиесілі, бұл мал шаруашылығы және ет-сүт өнімдерін өндіру;
- 1 047 қызмет көрсету саласы (ателье, сұлулық салондары, қоғамдық тамақтану және спорт объектілері, фото-бейне қызметтер, репетиторлық қызметтер және т. б.);
- 350 өзге де өндірістер.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде салық түсімдері 211,2 млн. теңгені құрады, 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
Жобаға қатысу бойынша толық ақпарат алу үшін қалалық және аудандық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына және Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасына мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 22К, "Қазына" БО, 1 қабат. Анықтама телефоны: +7 (7132) 744-615, 744-616.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: