«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Тәлімгер» жобасы аясында аналарға арналған шеберлік сабағы өтті

2021 жылғы 05 Наурыз
- Ақтөбе облысы
7198 просмотров

Бақытты ана – бақытты бала. Осындай ұранмен Ақтөбе облысының Іскер әйелдер кеңесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ерекше күтімді қажет ететін балалардың аналарына арнап нан-тоқаш пісіру бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды. Тегін оқыту «Ақбөбек» оңалту орталығының базасында өтті

Шеберлік сабағын Іскер әйелдер кеңесінің белсенді мүшесі, кәсіпкер, бармағынан бал тамған кондитер Гүлайым Әбиева (Әбиева ЖК) ұйымдастырды. осы жолы кондитер жидек қосылған бәліш, ұйғыр самсасы, тоқаштарды 10 түрлі түйіп, пісіруді үйретті.

 Топқа 8 ана қатысты.

«Бұл келіншектерге қоғамда бейімделу керек. Егер нан-тоқаш пісіру дағдыларын игерсе, ары қарай осы бағытты кәсіби алып жүріп, сүйікті істі бизнеске айналдыра алады.  Тәтті та,ғамдарды үйде пісіріп, бала тәрбиесімен қатар алып жүруге болады. мен оларға ары қарай да сүйемелдеу көрсетіп, онлайн режимде оқытуға дайынмын, бейне сабақтар көрсетіп, рецептілермен бөлісемін», – деді Гүлайым Әбиева.

 Гүлайым ханым осы салада төрт жыл бойы еңбектеніп жүр.

 «Біз осы бағыттағы жұмыстарды ерекше балалар аналарын әлеуметтендіруге бағыттауды жөн көрдік. Өйткені, аналар ерекше күтімді қажет ететін баланы тәрбиелеудегі физикалық қиындықтардан басқа, үлкен моральдық күйзелісті бастан кешіреді, кейде өздерінің қиындықтарымен бетпе-бет қалады. Инклюзивті ортаны қалыптастыру, әйелді құрметтеу дәстүрін сақтау, отбасы ішіндегі балалар мен ата-аналардың тығыз қарым-қатынасы үшін жағдайлар жасау – осындай шаралардың басты міндеттері», – дейді Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Айгүл Сақтағанова.

ІӘК шеберлік сабағының барлық қатысушыларына сыйлықтар ұйымдастырды, ал «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС бас директоры Қайыржан Наурызғалиев іс-шараның басты демеушісі болды. Компания тренинг тыңдаушыларына ұн өнімдері бар пакеттерді сыйға тартты.

Іс-шара Іскер әйелдер кеңесінің «Тәлімгер» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Осылайша, Кеңес өңірдегі жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдерге тәлімгер ретінде әрекет етіп, олардың қызмет бағытын таңдауға көмектесу, ең бастысы – осы бизнесті монетизациялауға үйретуді көздейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер