«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкент бизнес-жобаларды іске асырудағы табысты тәжірибенің үлгісін көрсетуде

2021 жылғы 16 Наурыз
- Шымкент қаласы
11154 просмотров

Шымкент қаласының тұрғыны Гүлжанат Ақбулаева кеден қызметкері қатарынан шығып, кәсіпкерлікке батыл қадам бастаған.  Өзінің кәсіпке деген әуестігін отбасы үшін табыс пен әл-ауқаттың қайнар көзі бола алатындығын дәлелдеген кәсіпкер.

Грант алғанға дейін Гүлжанат ханым кеден органдарында келісімшарт бойынша сарбаз болып жұмыс істеп, баласын күту бойынша декреттік демалысқа шыққан, қазіргі таңда жұмысына қайта оралуға деген құлшыныс жоқ екенін түсінген. Сіз өзіңіздің бизнесіңізді дамыта алатын болсаңыз, неге біреу үшін жұмыс істеу керек? – деп айтуда.

Ең алдымен Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Бизнес мектеп» жобасы аясында арнайы курсты оқып, сертификат алған.

«Мен айналысатын бизнес түрін таңдағанда, мен лекторлардың бұл бизнес маған ұнауы керек» деген сөздеріне мән беріп, өзімнің қызығып жасайтын салат, аджика, компоттарды шығару керектігін түсінідім, себебі менің жасаған салаттарым отбасыма, туыстарыма және достарыма өте ұнайды.  Әрі қарай осы кәсібімді дамытып нағыз кәсіпке айналдыру қажет екенін түсініп, басымдықты консервілеуге жасаған».

Гүлжанатқа өз кәсібін ашуға итермелегенін адамның бірі – Анасы. Сондай-ақ Анасы тамақ пісіру технологы болып қызмет істеп, мол тәжрибесі болғандығы көп көмегін тигізген.

Оқу сертификатын алғаннан кейін, Шымкент қаласының Кәсіпкерлер платасы Гүлжанат ханымға бизнес-жоспар жазуға көмектескен. Грантқа құжаттарын тапсырып, 5 миллион ұтып алған.

Осы қаражатқа, мен тігін құралдарын сатып алдып, күніне 600 банка жауып жатыр.

Негізгі тапсырыс Қызылорда мен Байқоңырдан келеді. Гүлжанат ассортиментті кеңейтуді жоспарлап отыр. Жақын арада ол томат пастасын шығаруды көздеп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер