«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіпкерлерге құттықтау сөз сөйледі

2021 жылғы 09 Қыркүйек
8246 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер! 

Біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 8 жылдығын бірге атап өтуге қуаныштымыз. Ортақ істің мүддесі үшін серіктес болғаныңызға алғыс білдіремін. 
Кәсіпкерлік ортада болып жатқан жақсы өзгерістер – бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі. 

Еліміздің бизнес ахуалын қалыптастыру мен экономикасын дамытудағы рөліңіздің маңызы зор. Пандемия кезінде кәсіпкерлік қауымдастық бұл қиындыққа қарсы тұрып қана қоймай, қолдауға мұқтаж болғандарға қамқорлық жасап, әлеуметтік жауапкершілікті сақтап қалды. 

Бұдан әрі де сіздердің қолдауыңызға және ынтымақтастығыңызға үміт артамын.

Біз заңнамалық базаны жетілдіру, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді және бизнесті жан-жақты қолдау бойынша жұмысымызды жалғастырамыз.

Сіздерге қызықты идеялар мен жобалар, мол табыс пен күш-қуат тілеймін. Деніңіз сау және жақындарыңыз аман болсын!

ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер