«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер Конституцияға енгізілетін түзетулерді қызу талқылап жатыр – ҰКП

2022 жылғы 28 Мамыр
7662 просмотров

«Атамекен» кәсіпкерлермен кездесулер өткізіп, онда экономикалық және саяси реформалар контексінде бизнесті дамытудың жаңа перспективаларын талқылап жатыр.

ҰКП мамандары Конституцияға түзетулер кәсіпкерлікті дамытуға әсер етуі мүмкін деп есептейді. Сондықтан еліміздің әр өңірінде Ұлттық палата және оның құрылымдық бөлімшелерінің сарапшылары кәсіпкерлермен кездесулер өткізіп, өнеркәсіп кәсіпорындары, желілік дүкендер, үй жанындағы дүкендер, сауда және ойын-сауық орталықтары, HoReCa объектілері, көлік жуу орындары, сұлулық салондары, медициналық орталықтар, ательелерді аралайды.

 Қазіргі кезде талқылауға 35,2 мың адам және 1230 бизнес объекті жұмылды.

 Еске саламыз, Президент өзінің соңғы жолдауында елді жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсынды. Бұл бастама қазақстандықтар тарапынан қолдау тапты.

 Бірден конституциялық реформа бойынша жұмыс басталды, түзетулер жобасы оның Конституция ережелеріне сәйкестігі туралы қорытынды алды. Өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау 2022 жылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдумға шығарылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер