«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктесігін құру туралы

2022 жылғы 28 Қазан
16875 просмотров

Жария талқылау мақсатында Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі ЖШС) құру туралы сұрауы жарияланады.

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы №482 қаулысы негізінде Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (БСН 181140023043) құрылып, Шымкент қаласының Абай ауданы, Республика даңғылы 12А мекенжайындағы ғимаратына орналасқан және орталыққа тиесілі барлық жұмыс барысы осы мекенжайда жүзеге асырылады.

Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» дін істері басқармасының тікелей үйлестіруімен қаламыздағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларын жалғастыруда.

Орталықта штат бойынша 32 маманнның жұмыс істеуі қарастырылған. Қазіргі кезде 27 маман жұмыс істеуде. Оның ішінде теолог мамандардың саны штат бойынша – 16. Өзге мамандар саны – 13, оның ішінде психолог, әлеуметтанушы, бағдарламашы, оператор, статист және басқа да мамандар бар.

Осы тұста вакантты орындарды толтыру үшін жұмыспен қамту орталығына қажетті мамандар тізімі көрсетілген хат жолданды және Enbek.kz сайттарында хабарландырулар орналастырылды.

Алайда, қызығушылық білдіріп жатқан кандидаттардың жұмысқа тұрақты орналасуына айлық жалақысының төмен болуы кедергі келтіруде. Орталықта орташа айлық жалақы 80 000 (сексен мың) теңгені құрайды. Осы орайда, аталған КММ-ны ЖШС-ға ауыстыру қызметкерлердің жалақысын арттыруға және қойылған барлық міндеттердің толық іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құқықтық нысан болып табылады.

ЖШС-ның жоспарланған штат құрылымы 32 қызметкерді құрайды және орташа айлық жалақы 150 000-300 000 теңге аралығында болуы көзделген.

ЖШС құрылған жағдайда бюджеттен қаржыландыру лимиті бүгінгі күнге бөлінген қаражаттан аспайды. Жергілікті және республикалық бюджет мөлшерін арттыру немесе шегеру бойынша қайта белгілеу жобасы қарастырылмайды, сонымен қатар қайта ұйымдастыруда қаржыландыру талап етілмейді.

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін ЖШС етіп қайта құру Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы  «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңның 1-бабының 2-тармағындағы  «Экстремизмге қарсы iс-қимыл – мемлекеттiк органдардың адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негiздерiн, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен ұлттық қауiпсiздiгiн экстремизмнен қорғауды қамтамасыз етуге, экстремизмнің алдын алуға, оны анықтауға, оның жолын кесуге және салдарларын жоюға, сондай-ақ экстремизмдi жүзеге асыруға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған қызметiн» және 4 тармағындағы «Экстремизмнiң профилактикасы – экстремизмнің алдын алуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, насихаттық және өзге де шаралар жүйесi» міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған.

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына сәйкес ЖШС келесі қызмет түрін жүзеге асыруды жоспарлайды:

– Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (ЭҚЖЖ 74909).

Сондай-ақ Жарғы жобасының 12-тармағына сәйкес мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асыру жоспарлануда:

1) өңірлік және республикалық деңгейлерде діни экстремизм мен жалған діни қызметтің алдын алуға бағытталған оқытушылық, әдістемелік және тәжірбиелік іс-шаралар (дәрістер, семинарлар, тренингтер және де өзге ақпарттық – түсіндірме және алдын алу іс-шараларын) ұйымдастыру және өткізу;

2) мемлекеттік органдар қызметкерлерін, діни қызметтегі адамдарды, дінтанушылар, қалалық ақпараттық топтарының мүшелерін оқыту және ұйымдастыру;

3) мемлекеттік конфессиялық саясат, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, діни-рухани құндылықтарды бұдан әрі қалыптастыру сұрақтары бойынша қоғамдық кеңесуді ұйымдастыру мен өткізу;

4) қала және қалаға жақын елдә мекендер тұрғындарының арасында (мектеп оқушылары, студенттер, медицина қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және т.б) мемлекеттік-конфессиялық саясатты жүзеге асыру;

5) жоғарғы сынып орта мектеп оқушылары үшін шығармашылық сайыстар өткізу;

6) танымал және тиісті біліктілігі бар сарапшыларды, спикерлер мен лекторларды ақылы негізде шақырту, тілмаштарды;

7) мұражайға экскурсияны, қала театрларына баруды, кітапханалар мен  өндіріс орындарында кездесулер ұйымдастыру;

8) дәстүрлі емес, радикалды, деструктивті діни ұйымдарының іс-әрекетінен зардап шеккендерге, оның ішінде жастар мен кәмелет жасқа толмағандарға оңалту бойынша психологиялық, құқықтық және тәжірибелік көмек көрсету;

9) қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктерге діни экстремизмге қарсы іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге ұйымдастырушылық, тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету, оның ішінде: оқушылар мен жастар, тұрғындар расында темекі шегудің алдын алу; оқушылар мен жастар арасында суицидті алдын алу; оқушылар мен жастар, тұрғындар арасында психобелсенді заттарды (есірткі заттар, ішімдік, спайстер және т.б) қолданудың алдын алу;

10) психология, тарих, исламтану және дін саласында сараптамалық зерттеулер және ғылыми-зерттеу сараптамаларын жүргізу;

11)  конфессияаралық, қатынастар мен психикалық және психологиялық денсаулық салаларында ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу;

12) заманауи техникалық құралдарды (экран, проектор, ноутбук, сымсыз микрофондар, дыбыс шығару құрылғылары, флипчарт, ғаламторға шұғыл шығу мүмкіндігі және т.б) қолдана отырып кәсіби деңгейде шараларды фото және видео түсіру сондай-ақ олардың видеомонтажын және бейне редакциясын жасау;

13) шаралар өткізу үшін тиісті конференц-залдарды немесе бөлмелерді жалға лау;

14) сотқа дейінгі наразылықты реттеу (медиация);

15) жұмыста қолдану үшін және коммерциялық мақсатта баспа және бейнематериалды шығару;

16) Қазақстан Республикасында тұрақсыздықты тудыруы мүмкін конфессияаралық салада жағымсыз үрдістерді анықтау бойынша зерттеу қызметін және әлеуметтік зерттеулерді жүргізу;

17) діни экстремизмнен зардап шеккендерді оңалту тәжірбиесін зерттеу мақсатында ынтымақтастық, оның ішінде халықаралық діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын дамыту;

18) конфессияаралық келісімді толеранттылықты нығайту үшін мәдени-бұқаралық ағарту және танымдылық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

19) ақпараттық ғаламтор-ақпарат көздерінің автоматтандырылған мониторингісін жүргізу мақсатында арнайы бағдарламалық жасақтаманы қолдану;

20) маман-сарапшыларды жұмысқа тарту;

21) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қарсы насихат жүргізу мақсатында тиісті фото-және видеоконтенттерді әзірлеу, оларды әлеуметтік желілерді ілгерілету (SMM компаниясы, таргет жарнамасын жіберу және т.б.), бұл мақсатта сараптамалық топты, танымал дінтанушыларды және саясаткерлерді жұмысқа тарту;

22) деструктивті діни ағымдардың ықпалында жүрген азаматтармен тікелей сұхбат жұргізу, сондай-ақ азаматтардың сауалнамасын жүргізу, сол мақсатта тиісті біліктілігі бар әлеуметтанушы мамандарды, сарапшыларды, супервайзерлерді, сұхбат алушыларды және тілмаштарды жұмысқа тарту;

23) басқа да коммерциялық және делдалдық қызмет;

ЖШС Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыра алады.

Құрылтайшы – Шымкент қаласының әкімдігі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер