«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тегін көмек беруді жалғастыруда

2023 жылғы 11 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
5350 просмотров

Білікті заңгердің кеңесі, салық немесе бухгалтерлік есепті тапсыру, бизнес-жоспар жазуға көмек алу. Осы қызметтердің барлығын кәсіпкерлік бастамасы бар адамдар тегін ала алады. Ол үшін Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының жанында жұмыс істейтін КҚКО-ға жүгіну қажет.

Орталықтың жұмыс істегеніне 9 жыл болды.

Білікті кеңесшілер Палатаның аудандық филиалдарында да бар. Осы жылдар ішінде 131 мыңнан астам адамға консультация берілді, кәсіпкерлерге 29 мыңға жуық сервистік қызмет көрсетілді. Бұл жерде кәсіпкерлердің бухгалтерлік есептерін тапсыру, бизнес-жоспарларды әзірлеу, рұқсат құжаттарын алу кезінде сүйемелдеу, шарттарды дайындау және т. б. қызметтер туралы айтылып отыр.

«Өткен жылы Ақтөбе облысы филиалдарының Орталықтары арқылы 3 737 азаматқа 16 195 кеңес, сондай-ақ 1 144 кәсіпкерге 1 259 сервистік қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, сүйемелдеу нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтің 423 субъектісі ашылды, сондай-ақ 312 жұмыс істеп тұрған бизнес субъектісі түрлі қолдау құралдары шеңберінде 3,7 млрд теңге сомасына жеңілдікпен қаржыландыру алды. Палата кеңесшілері көрсететін қызметтерге сұраныс дәрежесі бойынша бизнес-жоспардың жазылуын, сондай-ақ бухгалтерлік және салықтық есептерді жасауға және тапсыруға көмек көрсетуің атауға болады — деді ӨКП директоры Дана Бекбауова. 

Палата кеңесшілері өткен жылы 504 кәсіпкердің есебін тапсырды.

«Мен кәсіпкермін. Техника мен жылжымайтын мүлікті жалға беремін. Келесі жобаны қолға алдым. Бизнес-жоспар қажет. "Атамекенге" келдім. Бес минут ішінде кеңес берілді. Кезек жоқ, сонымен қатар тегін. Осы Орталық мамандарына толықтай сенімдімін», — деп бөлісті кәсіпкер Ринат Абдулрахманов.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн қызметтерді g4b.kz портал арқылы алуға болады.

Анықтама телефондары: +7(7132)744–615, 744–616.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер