«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қалалық әкімдік компанияның мәселесін медиация тәсілімен шешуге дайын

2023 жылғы 31 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
5722 просмотров

Кәсіпкер «Атамекен» өңірлік палатасына жүгініп, жер пайдалану шартын бұзу фактісі бойынша қала әкімдігінің заңсыз әрекетіне шағымданды. Өтініш кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелерінің қарауына шығарылды. Құжаттарды Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының заңгерлері алдын ала зерттеді.

Мәселе «Арман» коттедж қалашығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіг3не қатысты. Бастапқыда жалға алу құқығында әкімшілік ғимараттары бар коттедж қалашығын салу үшін жалпы ауданы 8,2 га жер учаскесі болатын.

Алайда, 2019 жылы егжей-тегжей жоспарлау жоспарын  бекіту кезінде қосымша әлеуметтік нысандар – мектептер, мектепке дейінгі мекемелер, жаяу серуендеуге арналған саябақ енгізілді.

Ақтөбе қаласының сәулетшісі берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар, ол бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Газ желілерін одан әрі ауыстырып, инфрақұрылымды (орталық сумен жабдықтау, кәріз, жол құрылысы және т.б.) жүргізе отырып, күрделі қоршау салу жоспарланған.

Осыған байланысты қосымша жер учаскелерін ресімдеу қажеттілігі туындады және серіктестік жер учаскелерін беру үшін қала әкімдігіне жүгінген.

Жер комиссиясының оң қорытындысынан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен ЖШС-ға жалпы ауданы 6,5 га  қосымша жер учаскелеріне 5 жыл мерзімге жер пайдалану құқығы беріледі.

«Әкімшілік органнан бізге қосымша жер учаскесін беру туралы қаулы алғаннан кейін біз оның заңды және тиісті түрде шығарылғанына сенімді болдық және біз осы құжатқа сүйендік. Алайда, өткен жылғы желтоқсанда қала әкімдігі Астана аудандық прокуратурасының заң бұзушылықтарын жою туралы ұсынысты орындау негізінде деп ЖШС-ның қосымша жер учаскелеріне құқығын біржақты тәртіппен тоқтатады. Қазір барлық жұмысымыз тоқтап тұр. Бүкіл бөлім таратылды. Біз бұдан әрі қалай болатынымызды білмейміз. Серіктестіктің қала әкімдігіне бірнеше рет жолдаған өтініштері оң нәтиже бермеді. Біз бұл жерді ресімдеуге, ЖСҚ әзірлеуге қомақты қаражат жұмсадық», - деді ЖШС заңгері Әсем Ғатаулина.

Кәсіпкерлер палатасының мамандары ЖШС дәлелдерін қарап, Ақтөбе қаласы әкімдігінің шешімі жер заңнамасын бұза отырып, біржақты тәртіппен қабылданды деп санайды.

«Жер кодексінің 81-бабында жекеменшік құқығын немесе жерді пайдалану құқығын тоқтату негіздерінің толық тізбесі көзделген. Жерге құқықты тоқтату үшін құқық иесінің бастамасы немесе оның келісімі немесе заңнамада белгіленген тәртіппен, яғни сот органдары арқылы алып қою қажет. Осыған дейін мұндай жағдайлар болғаны жоқ. Жер кодексінің осы нормасына сәйкес, бұрын әкімшілік ғимараттары бар коттедж қалашығын салу үшін берілген жер пайдалану құқығын тоқтату жөнінде біржақты тәртіпте шешім қабылдау үшін қала әкімдігінде негіз болған жоқ», – деп атап өтті «Атамекен» ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Күйшинов.

Жиында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айдос Хамиев әріптестерімен өтінішті алдын ала зерделегенін атап өтті.

«Бұл мәселені медиативтік тәртіппен қосымша қарауға және жақын уақытта жер комиссиясының қарауына шығаруға дайынбыз», - деп түсіндірді ол.

Жиын қорытындысы бойынша кеңес мүшелері «Арман» коттедж қалашығы» ЖШС консультациялық-құқықтық көмек көрсету қажеттілігі бойынша шешім шығарды. Оның ішінде мәселені медиативтік жолмен шешу үшін уәкілетті органдардың лауазымды адамдарымен келіссөздер жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен сотта серіктестіктің мүдделерін білдіру арқылы жүзеге асырылады. Қала әкімдігіне компанияның бұзылған құқықтарын, оның ішінде медиация тәртібімен қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер