«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде «Атамекен» және Антикор бизнес өтініштері үшін цифрлық платформа жасайды

2023 жылғы 24 Ақпан
- Ақтөбе облысы
6022 просмотров

Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шеңберінде кәсіпкерлерді қорғау бойынша бірлескен жобалық тәсіл пысықталуда. Мұндай шаралар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Бизнеске жол»  жобасы шеңберінде ҰКП-мен бірлесе қабылдануда.

Жобаның басты мақсаты - әртүрлі әкімшілік кедергілерді еңсеру, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңға салу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» Ұлттық палатасы арасында «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде бизнес өтініштерін қарау бойынша өзара іс-қимыл алгоритміне қол қойылған болатын. Ол әртүрлі байланыс көздерінен алынған қабылданған сигналдар (шағымдар, өтініштер, сұраулар және т.б.) бойынша мәселелерді бірлесіп жедел қарауға бағытталған.
Алгоритмнің орындалуы Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілінің қатысуымен талқыланды.

«Біздің мақсаттарымыз ортақ. Әкімшілік кедергілерді анықтау, кәсіпкерлерді құқықтық қорғау және бизнестің жүйелі мәселелерін шешу - ҰКП қызметінің негізгі бағыттары. Талдау көрсеткендей, бизнес көбінесе әкімшілік кедергілерге тап болады. Көбінесе бұл жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, салық салу және АӨК, коммуникацияларға қосылу салалары», - деп атап өтті Өңірлік палата директоры Дана Бекбауова.

Диалог барысында «Атамекен» алаңында Антикор басшылығының жеке қабылдауларын, кәсіпкерлермен нақты проблемаларды талқылау және тікелей кәсіпкерлік объектілеріне шығу бойынша «галстуксіз»  тұрақты кездесулерін өткізу тәжірибесін жалғастыру қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, Палата директоры Бизнестің өтініштері мен ұсыныстарын жедел байланыссыз қабылдау бойынша цифрлық платформа құруды ұсынды.

«Бұл шаралардың барлығын біз қолдайтын боламыз. Өзара іс-қимыл практикасы реттелді. Осыған байланысты бірлескен жұмыс кәсіпкерліктің жүйелі проблемаларын жою және талдау, бизнес жиі кездесетін салаларды мониторингтеу және талдау арқылы құрылатын болады. Проблемалық аймақтар ғана емес, құқықтары бұзылған нақты кәсіпкерлер де анықталады. Жүйелі негізделген шағымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік тәуекелдер картасына енгізілетін болады», — деп қолдады Ақтөбе облысы бойынша СЖҚІД превенция басқармасының басшысы Марат Хайруллин.

Өзара іс-қимыл бірлескен мобильді топ шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Құқықтар мен заңды мүдделерді мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен қорғау мәселелері бойынша кәсіпкерлерден Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 22К, 2 қабат, 202 кабинет мекенжайы бойынша Өңірлік палатаға хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс нөмірлері: +7 (7132) 744-602, 744-606, 744-608.
Облыстық СЖҚІД басшысы Есқали Саламатов өзінің Facebook парақшасында хабарламалар қабылдайды. Сондай-ақ, Департаментке Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 93 мекенжайы бойынша немесе телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (7132) 728-291, +7 +7 775 923 2221.  Антикордың Call-орталығы 1424.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер