«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысы ауылдарының тұрғындарына «Мен кәсіпкер» бизнесті қолдаудың жаңа құралы туралы айтылуда

2023 жылғы 12 Мамыр
- Ақтөбе облысы
5804 просмотров

Ақпараттық десантты «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Облыстың Қарғалы, Қобда және Ойыл аудандарында шағын көрмелер, нысандарға бару және кездесулер өтті.

Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдаудың жаңа құралы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылуда және үш бағыттан тұрады.

Бірінші бағыт - Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары. Бұл кәсіпкер әйелдерді, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерді қаржылай емес қолдау алаңы. Мұнда олар стартаптарды ынталандыру, экономикалық белсенділікті арттыру, оқу бағдарламаларына қатысу үшін бірқатар қызметтерді ала алады. Осы құрал аясындағы екінші бағыт – «Кәсіпке бағыт» кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында құзыреттілікке оқыту мен салалық оқытуды қамтиды. Үшінші бағыт – «Бір ауыл - бір өнім» жобасы. Оның мақсаты - жергілікті өнімнің сапасын арттыру, жергілікті брендтер құру, маркетинг және нарықтағы құндылықты арттыру болып табылады.

Ауылдық шағын бизнес арасында осы бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстарын ӨКП қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Ержан Нұрғалиев, палата жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер - консультанты Данат Сәрсенов және Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, ментор Күлпаршин Айдарханова жүргізеді.

«Бір ауыл-бір өнім» - «Мен кәсіпкер» құралының негізгі бағыттарының бірі. Бұл халықаралық қозғалыс Жапонияда басталып, бізге Қазақстанға келді. Жобаға қатысушылар - жергілікті шикізаттан өз қолдарымен бір нәрсе жасай алатын, кооперацияға бірігетін ауыл кәсіпкерлері. Жоба жергілікті «брендтерді» қалыптастыруға нақты көмек көрсетеді. Жоба аясында қатысушылар өз брендін дамытуға мүмкіндік алады. Палатаның және Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының сарапшыларының көмегімен облыстан тыс жерлерде өз өнімімен танымал болу, біздің өңірдің ерекшелігін көрсету», – деп атап өтті Күлпаршин Айдарханова.

Мәселен, Қарғалы ауданына бару барысында жобаның әлеуетті қатысушыларының бірі — Сергали Қостанов анықталды. Қосестек ауылының тұрғыны бес жыл бойы ірімшіктің 6-дан астам түрін дайындаумен айналысады. Ірімшік, сулугуни, чечел және басқа да ірімшік түрлерін дайындауға арналған шикізатты жергілікті тұрғындардан сатып алады.

«Ауыл тұрғындарынан күніне орта есеппен 40 литр сүт сатып аламын. Мен өнімдерді жол бойындағы кафе арқылы, сондай-ақ облыс орталығында коммуналдық базарда сатамын. Бұл істі интернет арқылы игердім. Бизнес отбасылық. Ірімшік цехін салу жобасын іске асырудамыз. Қаржыландыруды «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында аламыз, Біз сондай-ақ лимонад шығарумен айналысамыз» — деді шағын көрме барысында кәсіпкер.

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Ержан Нұрғалиевтің ақпараты бойынша, қазір жобаларды іріктеу бойынша жұмыс тобы құрылуда.

«Барлық қатысам деушілер өтінім бере алады. Бүгінде 12 өтінім келіп түсті. Ағымдағы жылдың 30 маусымында Ақтөбеде «Бір ауыл — бір өнім» жобасына қатысушыларды іріктеу өтетін көрме өтеді», — деп нақтылады ол.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы бағытына келетін болсақ, әйелдер 7 қызмет түрін ала алады, оның ішінде кәсіптік немесе бизнес-оқыту, дәстүрлі қолөнер түрлеріне оқыту, тәлімгерді сүйемелдеу, өз бизнесі үшін қаржыландыруды қалай тарту керектігін немесе халықаралық, сондай –ақ «Бір ауыл - бір өнім» жобаларға қатысуды үйрену, бизнес-шолуға тапсырыс беру.

«Өтініш білдірген әйелдер арасында қызықтыратын қызметтердің бірі - бейіндік оқытудан өту. Бүгінгі таңда қызметтің бұл түріне 116 өтінім келіп түсті. Тәлімгерді сүйемелдеу немесе тәлімгерлік - мұндай қызметті өз бизнесі бар, яғни кәсіпкер ретінде тіркелген және кем дегенде екі жыл жұмыс істейтін әйелдер пайдалана алады. Олардың бизнесін тәлімгермен сүйемелдеуге 56 өтінім келіп түсті», –деп атап өтті орталықтың менеджер-кеңесшісі Данат Сәрсенов.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының 138 қыз-келіншектері қызметтің қандай да бір түрін алуға өтініш білдірді. Олардың барлығы ұсынылған қызметтер бойынша кеңес алып, қажеттіліктері бойынша сұраныстар қалдырды.

«Кәсіпке бағыт» бағыты аясында жобаға қатысушыларға кәсіпкерлік әлеуетті арттыру үшін сарапшы мамандардан тегін оқыту мүмкіндігі беріледі. Оқыту бағыттары іс жүзінде барлық іс-шараларды, соның ішінде өндірісті қамтиды. Кәсіпкерлер өз бизнесін кеңейту үшін жаңа бағытты үйренуге мүмкіндік алады. Оқытуды сарапшылар онлайн және офлайн режимде кәсіпорындарға барып жүргізеді. Оқу аяқталғаннан кейін кәсіпкер бірнеше ай ішінде сертификат пен сарапшының сүйемелдеуін алады.

Жаңа жобаларға қатысуға өтінім беруге, кеңес алуға немесе толығырақ ақпаратты Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасынан: Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр даңғылы, 22К, 1 қабат мекенжайы бойынша немесе телефон арқылы алуға болады: +7 (7132) 744 – 619 (вн.1557), байланыс орталығы – 1432.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер