«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде 7 млрд теңгеге кәсіпкерлердің мүліктік құқығы қорғалды

2023 жылғы 04 Шілде
- Ақтөбе облысы
6043 просмотров

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасында бизнесмендердің шағымдарының сипаты айтылып, қорғау желісі бойынша жартыжылдық қорытынды жасалды.


Мәселен, 6 ай ішінде өңірлік «Атамекенге» бизнесті қорғау желісі бойынша 79 өтініш келіп түсті. Оның 35-і бойынша оң шешімге қол жеткізілді, бұл 44%-ды  құрады. Бұл ретте 7 млрд теңгеден астам сомаға кәсіпкерлердің мүліктік құқығы қорғалды. Қалған өтініштер шешілу үстінде.
Негізінен кәсіпкерлердің 26%-ы – энергетика саласында, 19% – сатып алу мәселелері бойынша, 16% – жер және құрылыс құқықтық қатынастары мәселелері бойынша,  14% – мемлекеттік органдарға шағымдар және сотқа қатысу бойынша көмек сұрайды. Сондай-ақ, аграрлық-өнеркәсіптік сектор, салық салудағы проблемалар өзекті болып отыр.
Жүйелі сипаттағы мәселелер кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің қарауына шығарылады.


«Сондай-ақ, біз өңірде кәсіпкерліктің дамуын тежейтін әкімшілік кедергілерді анықтау және жою бойынша белсенді жұмысты жүргізіп жатырмыз. Осы жылдың 6 айында біз 7 әкімшілік кедергіні анықтадық, оның ішінде 3 республикалық және 4 өңірлік деңгей. Агроөнеркәсіп кешені, логистика, қаржыландыру және несие беру салаларында кедергілердің ең көп саны тіркелді. Өңірлік деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптауға байланысты бағыт та өзекті болып отыр», – деп атап өтті ӨКП директоры Дана Бекбауова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер