«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мұғалжар аудандық кәсіпкерлер Кеңесінің төрағасы болып Азамат Джалимбетов сайланды

2023 жылғы 27 Шілде
- Ақтөбе облысы
3876 просмотров

Кеңес «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының жанынан құрылды. Басты мақсаты — әр салада жұмысын жасап жүрген кәсіпкерлердің туындайтын өзекті мәселесін жауапты органдармен бірге қарап, шешімін табуға жұмыс атқару.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасында өткен өңірлік кәсіпкерлер Кеңесінің шешімімен барлық аудандарда жаңадан кәсіпкерлер кеңесінің құрамы бекітілді.   Жоспарға сәйкес, бірінші жаңа құраммен Мұғалжар аудандық кәсіпкерлер Кеңесі өтті. Күн тәртібіндегі басты сұрақ —төрағаны және әр сала бағытына жауаптыларды сайлау, жұмыс жоспарын бекіту.

Жаңа кеңес құрамының мүшелері, ауданға танымал әр сала бағытынан тәжірибелі кәсіпкерлер. Олар: жеке кәсіпкер Эдуард Саламат, жеке кәсіпкер Жанша Ерекешова, «Айтуған 2012» ШҚ басшысы, аудандық мәслихат депутаты Еркін Құрмашев, «Ғалымжан» ШҚ басшысы Ерлан Мухамбетов, «ZERDE» жеке оқу орталығының директоры Ляззат Алмашева, «Мұғалжар Отан» өндірістік оқу орталығының директоры, аудандық мәслихат депутаты Азамат Джалимбетов, «KALAU PLUS» ЖШС басшысы Қанат Айбосынов, жеке кәсіпкер Нұржігіт Мубарак және «Фин Люкс» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Абылай Аманжол.

«Атамекен» филиал директоры өз сөзінде кәсіпкерлер Кеңесі қызметінің негізгі бағыттары мен типтік ережесімен таныстырды.

«Басты мақсат — кәсіпкерлердің туындайтын өзекті мәселесін аудандық жауапты органдармен бірге қарап, шешімін табуға жұмыс атқару. Егер кәсіпкерлердің өзекті мәселесі аудандық деңгейде шешімі табылмаса, НҚА өзгерту туралы ұсыныстады өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне жолдауға жұмыс жүргізу. Мысалға келтіретін болсам, аудандық кәсіпкерлер Кеңесінің алдындағы құрамында төраға болып Наурызбек Сарбасов жұмыс жасады. Бүгінгі күні ол облыстық мәслихат депутаты, өңірлік кәсіпкерлер Кеңесінің мүшесі. Аудан кәсіпкерлерінің өзекті мәселесі «КазТрансГазАймақ» АҚ тарапынан жыл сайын газ қосу үшін қосымша құжаттар талап етілуі туралы 2021 жылы Наурызбек Сарбасов облыстық кәсіпкерлердің құқығын қорғау Кеңесіне шығарып, облыстық прокуратура кәсіпорынмен қосымша құжаттар сұрау талабын алып тастап, сонында 351 кәсіпкердің құқығы қорғалды», — деп ӨКП Мұғалжар филиалының директоры Бернияз Длимов атап өтті.

Кеңес барысында бірауыздан аудандық кәсіпкерлер Кеңесінің төрағасы болып Азамат Джалимбетов сайланды. Ол «Мұғалжар Отан» өндірістік оқу орталығының директоры қызметінде 10 жылдан астам тәжірибесі бар, аудандық мәслихат депутаты болып 2023 жылы сайланды.

Отырыс соңында жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер