«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ерекше құқық немесе елордада тұтынушыларды электр қуатымен кім қамтамасыз етеді?

2024 жылғы 23 Сәуір
- Астана қаласы
1710 просмотров

Астанада қаланың энергиямен жабдықтаушы ұйымдарының (ЭЖҰ) лицензияларының 99%-ы тоқтатылды. Бұл дегеніміз 119 жеке компания. Осы айдың басында Астана қаласы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментінен компаниялар тиісті хаттар алды. Бұл ретте онда лицензияны тоқтата тұру үшін негіз көрсетілмеген.

Компаниялар Астана қаласы Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің әрекетіне шағым айтып, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Бүгін палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында бұл мәселе Ирак Елекеевтің төрағалығымен қаралды. Отырысқа елордалық кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин, ЭЖҰ өкілдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.

Жиында «Энергиямен жабдықтау ұйымдарының энергия тиімділігін арттыру альянсы» ЗТБ басшысы Әнуарбек Сқақов айтып өткендей, 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» ҚР заңына сәйкес электр энергиясы нарығы мынадай үш деңгейге бөлінген: өндіріс, электр желілері арқылы беру, тұтынушыларды электрмен жабдықтау (бөлшек сауда нарығында сату).

Электр энергиясын өндіруді мынадай электр станциялары жүзеге асырады: ГЭС, ЖЭО, ГРЭС және т.б., Астана қаласында - бұл Астана-Энергия АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2).

Электр желілері арқылы беруді энергия беруші, электр желілік компаниялар жүзеге асырады: «KEGOC» АҚ және басқалары, Астана қаласында – «Астана-АЭК» АҚ, олардың қызметі табиғи монополия саласына жатқызылған.

Тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қызметі бәсекелестік нарықта жүзеге асырылатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар – ЭЖҰ жүзеге асырады, электрмен жабдықтау жөніндегі қызметке лицензияларды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық органдары береді.

2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін, 20 жылдан бері нарық жұмысының осындай жүйесі жұмыс істейді, бұл табиғи монополия субъектілері өздерінің монополиялық жағдайын пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарына нұқсан келтірмеуі үшін тұтынушыларды электрмен жабдықтау бойынша Бәсекелестікті дамыту мақсатында енгізілді.

«Алайда, 2024 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке бұрын берілген барлық лицензиялардың 99%-ын жаппай тоқтатты.

Бұл ретте лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрудың негізі көрсетілмейді, бірақ лицензиялар барлық ЭЖҰ-да тоқтатыла тұрмайды, ал қалған ЭЖО-лар лицензияларды тоқтата тұрмай қызметін жалғастырады, дегенмен энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке арналған барлық лицензиялар бірдей және тең болып табылады.

Сондай-ақ, «KEGOC» АҚ тарапынан энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен шарттарды тоқтата тұру (бұзу) туралы хабарламалар жаппай жіберіледі, өйткені олардың лицензияларын уәкілетті орган тоқтатты (ал іс жүзінде кері қайтарып алды)», - деді «Энергиямен жабдықтау ұйымдарының энергия тиімділігін арттыру альянсы» ЗТБ басшысы Әнуарбек Сқақов.

Кәсіпкерлер ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аталған іс-әрекеттері заңға негізделмеген, ЭЖҰ қызметінің заңсыздығын белгілейтін немесе эклектикалық энергия нарығы жүйесін қайта қарау туралы бірде-бір нормативтік акт жоқ деп есептейді, осыған байланысты уәкілетті орган жай ғана айтылмаған нұсқауларды орындайды.

Нәтижесінде кәсіпкерлердің-энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың, кейіннен электр энергиясын жеткізушіні таңдау құқығынан айырылған барлық электр энергиясын тұтынушылардың құқықтары жаппай бұзылады, бұл тек коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне әкеледі.

Бұл ретте «ҚазЭЖҰ» ЗТБ төрағасы Сергей Агафонов қазір маржа немесе энергиямен жабдықтау үстемесі заңды тұлғалар үшін орташа бағасы 38 теңге, яғни 2% болған кезде киловатт-сағатына 1 теңгеге жетпейтінін атап өтті.

«Міне, ЭЖҰ-ның барлық маржасы. ЭЖҰ ақша табады дейді, ібрақ оны растайтын бірде-бір құжат жоқ», - деп атап өтті ол.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті басшысының орынбасары Қуанышбек Мағжан жоғары тұрған органның тапсырмасына сәйкес ЭЖҰ лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарлама жібергенін хабарлады.

«Департаментке Үкіметтің тапсырмасына және энергетика министрлігінің лицензияларды тоқтата тұру туралы хатына сілтеме жасай отырып, жоғары тұрған орган – Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тапсырмасы келіп түсті. «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес Үкімет тапсырмасы міндетті түрде орындалуға тиіс. Біз бұл заңсыз әрекеттер деп ойламаймыз», – деді ол.

 Қалыптасқан жағдай жалпы азаматтық және салалық заңнама нормаларына өрескел түрде қайшы келеді. Бұл жағдайда ЭЖО-ның 99%-ы электрмен жабдықтау нарығына кіруге шектелгендіктен, ЭЖҰ-ның 1%-ы ғана жеңілдіктер мен артықшылықтарға ие болды.

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен ҚР Бас прокуратурасының атына адал кәсіпкерлердің құқығына нұқсан келтіруге жол бермеу және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарының жолын кесу туралы ұсыныс жіберу қажет деп санайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер