«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының Алғыс хаттары Алматының журналистеріне табысталды

2024 жылғы 28 Маусым
- Алматы қаласы
5403 просмотров

Дереккөз: РПП "Атамекен" г. Алматы

Гүл шоқтары, алғыс сөз бен алғыс хат. Бүгін журналистер Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік палатасында құрметке ие болды. Мегаполисте журналист болу оңай емес. Әр секунд сайын бір уақытта көптеген оқиғалар болып жатады. Алматылық журналистер әр көрермен, тыңдаушы және оқырман өзіне қызықты мазмұн таба алатындай үнемі творчестволық ізденісте болып тұрады.

Баспасөз және электрондық БАҚ журналистерін құттықтай отырып, аппарат басшысы Адлет Керімбеков бүгінгі таңда журналистер жазбайтын сала жоқ шығар, деп атап өтті. Жаһандану дәуірінде ақпарат ерекше маңызға ие болып, үлкен процестерді қозғаушы механизм іспеттес.

«Біздің елімізде бизнестің дамуымен іскерлік қоғамдастықта болып жатқан барлық процестер сіздің күш-жігеріңізбен ақпараттық ортаға түседі. Сіздердің және әріптестеріңіздің арқасында заңнаманың нормалары жүйелі түрде түсіндіріледі, кәсіпкерлік саласындағы жұмыстың жаңа ережелері мен талаптары жарияланады, бизнес-қоғамдастықтығында, осы салада жұмыс істейтін адамдардың құқықтары мен мүдделері қорғалады», - деп тілге тиек етті аппарат басшысы Әділет Керімбеков.

«Біз сіздерге кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді көрсете отырып, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің мүдделерін қорғауға деген адалдығы мен жеделдігі, құзыреттілігі, ұмтылысы үшін алғыс айтамыз», - делінген" «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Райымбек Баталовтың алғыс хатында.

Өз кезегінде жиналған журналистер «Атамекенге» зейіні мен тұрақты ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер