«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерге екінші мүмкіндік

2024 жылғы 02 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4349 просмотров

Дереккөз: akorda.kz

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы осы жолы негізгі 9 саланы қамтыды. Бизнестің дамуына көп назар аударды. Жылдағы Жолдау бүкіл ел үшін болашаққа жасар келесі қадамның бағыт-бағдары. Яғни, әр қазақстандық мемлекет басшысының сөзін құлақ түре тыңдады. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық сұрақтар бойынша орынбасары Мейрамбек Қаныбеков жаңа Жолдауға өз пікірін білдірді.

 

Әдеттегідей, күздің алғашқы күндерінде ел Президенті халыққа Жолдауын жариялады. Ол – келесі жылдарға даму бағытын айқындап отырған күрделі тапсырма. Осы жолы бизнесті қолдау шараларына аса мән беріп, «Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары - жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту» - деп көрсетті.

Бұл кәсіпкерлікті ынталандыру мен дамыту еліміздің негізгі бағытының бірі екенін білдіреді. Жолдауда көтерілген осындай сұрақтардың бірі - салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен бас тарту.

Атап өтсек ел басшысы «мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болады деп ойлаймын. Ал салық берешегі осы шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуы тиіс. Яғни, борышкердің банктегі есеп-шоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн» - деп айту арқылы мемлекеттің салық төлеушілерге қолдау көрсетуге дайын екенін көрсетті.

«Аталған өзгерістер жалпы халықтың, оның ішінде кәсіпкерлердің қызметіне оң әсерін білдіретінін алдыға тартып, нақты жұмыс істеп отырған кәсіпкерлерге қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану көп жағдайда олардың қызметтерінің тоқтауы мен банкроттыққа әкеліп соғып жататынын. Ал, мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеру кіші және орта кәсіпкерлерге салыққа қатысты сұрақтарын шешуге екінші мүмкіндік береді. Онымен қоса, салық берешегі шектен асып кеткен бизнес өкілдеріне, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қою мен кепілге мүлік қоймай, берешекті бөліп төлеуге мүмкіндік беру тығырықтан шығатын жол болып табылады деп ойлаймын», - деп Мейрамбек Қаныбеков пікірін білдірді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер