«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде ҚР ҰКП республикалық Съезінің делегаттары сайланды

2024 жылғы 25 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
3578 просмотров

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі алдағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезіне делегаттарды сайлады.

Асхат Айтжановтың төрағалығымен Өңірлік кеңестің Съез алдындағы отырысы палата алаңында ӨКП дирекциясының қатысуымен өтті. Оның қатысушылары ағымдағы жылдың 7 қарашасында Астанада өтетін "Атамекен" ҰКП-ның алдағы Съезіне делегаттарды сайлады.

Біздің облыстан 11 делегат, Өңірлік кеңестің тағы үш мүшесі — резервтік құрамда ұсынылды. Сайлау дауыс беру арқылы өтті.

Съездің алдағы отырысының күн тәртібінде ҰКП Төралқасының жекелеген мүшелерін атқаратын лауазымынан босату немесе лауазымға сайлау туралы, ревкомиссияның жылдық есебін бекіту мәселелері кіреді. Сондай-ақ, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының 2023 жылғы қызметінің қорытындылары қаралатын болады.

Өңірлік кеңес мүшелері бизнес-қоғамдастық үшін Съезд өткізудің маңыздылығын атап өтті.

"Бүгінде "Атамекен" палатасының жұмысы туралы білмейтін кәсіпкерлер жоқ. Құқықтық шеңберінде кез келген мәселелерді жедел шешуге, кеңес алуға көмектеседі. Біз Съезд жұмысына белсенді қатысып, өңіріміздің бизнес-қоғамдастығының проблемалары мен мәселелерін республика деңгейіне жеткізуіміз керек. Олар әлі де жер қатынастары, салық салу, инвесторларды қолдау және т.б. салаларда баршылық", - деп атап өтті Өңірлік кеңестің төрағасы Асхат Айтжанов.

Кеңестің келесі отырысында алдағы ҰКП Съезінде оларды жеткізу үшін өңірлік бизнестің салалық проблемаларын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер