«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкент қаласында Өңірлік кеңестің сайлауына дайындық жүріп жатыр

2024 жылғы 23 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
378 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында алдағы Өңірлік кеңестің сайлауына дайындық жүргізіліп жатыр.

Палатада құрылған сайлау комиссиясы 10 желтоқсаннан 24 желтоқсанға дейін кандидаттардан құжаттарды қабылдап, тіркеуге алуда. Бүгінге дейін 25 өтінім тіркелді.

Кандидаттар ретінде Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы салалық кеңестердің мүшелерінің арасынан, сонымен қатар, Палатада аккредиттелген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және қауымдастықтардың бірінші басшылары мен атқарушы органы мүшелері құжат тапсыруда.

«Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының жанында 9 салалық кеңес пен аккредиттелген 5 қауымдастық бар. Қазіргі таңда Палата сарапшылары сайлау регламенті мен делегаттарды іріктеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс, салалық кеңестің мүшесі, немесе Өңірлік кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтың атқарушы органының мүшесі болуы керек, соңғы 3 айда салық қарызы болмауы тиіс және заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе жойылмаған соттылығы болмауы тиіс», – деді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Майя Исаева.

Айта кетейік, Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне сайлау 2025 жылдың 20-22 қаңтары күндері өтеді.

Қағидаларға сәйкес, Өңірлік кеңес делегаттарын сайлауда сайлаушылар пулының мүшелері тікелей дауыс береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер