Павлодарлық «Атамекен» Палатасының өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне сайлауды тағы бір аудан өткізді
Енді дауыс беру Баянауыл ауданының кәсіпкерлер кеңесі мүшелерінің арасында өтті. «Болашақ Жайма» ӘКК басшысы Абылай Жүнісов пен «Ақжол» ШҚ басшысы Айдын Айтбай өз кандидатураларын ұсынды.
Сайлау ашық дауыс беру жолымен өтті!
Өңірлік комиссияның хатшысы, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов ӨКП Баянауыл аудандық филиалының басшысы Мұрат Мұсатаевқа және адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ажар Әбілғазинаға сайлауды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, дауыс беру жеңімпазы - өңірлік кеңестің делегаты Абылай Жүнісовті құттықтап, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау ісінде оған табыс тіледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: