«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«#ҚазақстандаЖасалған» TikTok-байқауының жеңімпаздарына салтанатты түрде сыйлықтарберілді

2025 жылғы 21 Ақпан
1248 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «TikTok» қысқа және креативті бейнероликтерінің жетекші платформасымен бірлесіп, #ҚазақстандаЖасалған байқауын өткізді. Бүгін жеңімпаздарды «Атамекен» ҰКП құрылысында қабылдады

Байқау жеңімпаздары Астанаға Маңғыстау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарынан келді. Кәсіпкерлердің еліміз түпкір-түпкірінен жиналғаны олардың мұндай іс-шараларға деген қызығушылықтың ауқымын көрсетті. Байқауға әлеуметтік және экологиялық бастамалар, жастар кәсіпкерлігі және «Бір ауыл – бір өнім» халықтық жобасы саласындағы бизнес-жобаларын 800-ден астам TikTok пайдаланушысы ұсынды.

Қонақтармен кездесуге Президиум Төрағасы Райымбек Баталов, Басқарма мүшесі – Төралқа төрағасы хатшылығының басшысы  Мұрат Қарымсақов және байқау комиссиясының мүшелері қарсы алды.

Президиум Төрағасы TikTok платформасының кең аудиториясы, контент жасау және оны таратуға арналған құралдарының арқасында тек ойын-сауық алаңы ғана емес, сонымен қатар бизнес үшін тиімді құралға айналғанын атап өтті.

«Біз бұл байқауды өткен желтоқсанда бастағанда, ол жақсы өтеді деген үмітпен қарадық.  қойдық. Бұл өзіміздің атымызды шығару үшін жасалған жоба емес. Біздің басты міндетіміз – микро және шағын бизнесті қолдау, олардың танымалдылығын арттыру, кәсіпкерлерді креативті ойлануға ынталандыру болды.

Байқасаңыз, біздің мақсаттылығымыз өз жемістерін берді: #ҚазақстандаЖасалған байқауына TikTok-тың 800-ден астам пайдаланушысы қатысты. Біз мұндай форматтағы шараны алғаш рет өткізіп отырсақ та, қазірдің өзінде оны сәтті өтті деп айта аламыз», – деп атап өтті Баталов.

Бұл конкурс жаңа кәсіпкерлердің атын танымал етіп, шағын және микробизнесті кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. TikTok кәсіпкерлерге ауқымды аудиторияға қол жеткізіп, клиенттер мен серіктестер табуға көмектесті.

Байқау аясында төрт номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Әлеуметтік бизнес» номинациясын дамуында ерекшеліктері бар балаларды диагностикалауға және олар үшін жеке бағдарламаларды әзірлеуге бағытталған «Амалия» абилитация орталығы, атап айтқанда оның басшысы Екатерина Руфф жеңді.

Орталық – бизнестің әлеуметтік мәселелерді шешуге ынтасының үлгісі. Оның қызметі арқасында жүздеген отбасы кәсіби қолдау алып, қоғамда инклюзивтілікке жаңа көзқарасты қалыптастырды.

Екатеринаның айтуынша, ол бұған дейін iPhone 16 Plus сияқты сыйлықпен байқауда жеңіске жетіп көрмеген. Алайда ол бұл жеңіс жеке өзіне емес, бүкіл орталық ұйымына тиесілі екенін атап өтті.

«Экологиялық кәсіпкерлік» номинациясын ұтқан Нуркия Бекниязова өз ролигінде «ITprof сервис» компаниясы туралы айтты. Ұйым қайта өңделетін шикізатты жинау және сұрыптаумен айналысады. Бұл кәсіпорын Ақтауда алғашқылардың бірі болып қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізіп, 400-ден астам контейнер орнатып, 10 мың тоннадан астам шикізатты қайта өңдеді.

Экологиялық трансформация үшін көп уақыт қажет етсе де, осындай бастамалар ұзақ мерзімді тиімділікке әкеледі.

Нуркия өз ісіне деген қызығушылықтың артқанына қуанышты. Байқау қорытындылары жарияланған соң, оған алғашқы инвестициялық ұсыныстар түсе бастады.

Палата осы саланы дамытудағы әр қадам Қазақстан экономикасын нығайтып, оның жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін артатына сенімді.

«Жастар кәсіпкерлігі» номинациясында жеңіс Жаңаөзен қаласының 23 жастағы тұрғыны Нұржан Дүйсенғалиға бұйырды. Ол қазірдің өзінде жергілікті Ozen Sabyn  сабын өндірісін жолға қойған белсенді кәсіпкер. Өнімнің ассортименті кең, ол 100% отандық өнім және экологиялық таза, сонымен қатар, маркетплейстерде қолжетімді.

Нұржан Дүйсенғали байқауға қатысқан өзге де жеңімпаздарға өз өнімін кәдесый ретінде ала келіпті.

«Ауыл кәсіпкерлігі» номинациясының жеңімпазы Шығыс Қазақстан облысынан келген Полина Троеглазова болды. Ол отбасындағы омарташылардың төртінші ұрпағы. Оның өнімінің басты айырмашылығы - бал, жаңғақтар және итмұрын, орегано және әртүрлі қоспалардың қызықты үйлесімі.

Ол өңірлік өнімді танымал етуге бағытталған «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалисі. Көптеген жобаға қатысушылар белсенді түрде ауқымды кеңейтіп қана қоймай, біздің үлкен және қарапайым бастамаларымызға қолдау көрсетуде.

Орталық Азиядағы мемлекеттік органдармен байланыс бойынша TikTok-тың ресми өкілі Дмитрий Пылев жеңімпаздарға ізгі тілегін жаудырды.

«Біз бұл тамаша тәжірибені жалғастыруға ниеттіміз. Алдағы уақытта экология тақырыбын дамытып, туризмге көңіл бөлетін боламыз. Біз үшін сіздердің өніміңізді көрсетіп, Қазақстанды әлемдік аудитория арасында таныту маңызды», - деді Дмитрий Пылев жеңімпаздарға сөйлеген сөзінде.

Жалпы, Жоба отандық кәсіпкерлерге өз бизнесін танымал етуге, сонымен қатар, жаңа нарықтарды табуға және заманауи құралдарды меңгеруге мүмкіндік берді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осындай іс-шараларға қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді одан әрі жалғастыра бермек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер