«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаржылық және салықтық қауіпсіздік: Астанада кәсіпкерлерге арналған кездесу өтті

2025 жылғы 11 Наурыз
- Астана қаласы
1737 просмотров

Кәсіпкерлікті алаяқтық пен салықтық тәуекелдерден қорғау мәселелері барған сайын өзекті бола түсуде. Дәл осы тақырыптарға Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен ақпараттық кездесу арналды.

Іс-шараға Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (ЭТД) мен Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) өкілдері, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты.

Мансұр Сәрсенбаев, Астана қаласы бойынша ЭТД 1-тергеу басқармасы басшысының орынбасары, қаржылық сауаттылықтың бизнес қауіпсіздігі үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, көптеген алаяқтық схемалар инвестициялық жобалар ретінде жасырынып, жоғары табыс уәде етеді.

«Қаржы пирамидасын құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалады. Тек өткен жылы Қаржылық мониторинг агенттігі интернетте 47 қаржы пирамидасын анықтады, ал әлеуметтік желілерде 2 миллионнан астам қатысушысы бар 300-ден астам чаттың жұмысы тоқтатылды», – деп атап өтті Мансұр Сәрсенбаев.

Сонымен қатар, кез келген жобаға қаражат салмас бұрын, оның қаржы пирамидасының белгілеріне сәйкестігін «Байқа, пирамида» арнайы Telegram-боты арқылы тексеруге болатынын айтты.

Данияр Құсайынов, Астана қаласы бойынша МКД камералдық мониторинг бөлімінің басшысы, камералдық бақылаудың жүргізілу тәртібін түсіндірді. 

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық жауап алды. Жалпы мәселелермен қатар, кәсіпкерлердің нақты қызметінде кездесетін жайттар да талқыланды. Осындай кездесулер кәсіпкерлерге заңнамадағы өзгерістерді түсінуге, қаржылық тәуекелдерден қорғануға және бизнес жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер