Маңызды мамандықта даярлық мықты болуы тиіс
Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Атамекен» өңірлік палатаның қатысуымен жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған «Есепші XXI: кәсібім — мақтанышым» атты республикалық байқау өтті.
Байқауға бейінді колледждердің 13 командасы қатысты. «Есеп және аудит» мамандығы бойынша Құрамына 100-ден астам республикалық колледж кіретін Алматы мемлекеттік бизнес колледжі Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік болып табылады. Сондықтан, жетекші экономикалық колледждерін тарта отырып, байқау өткізудің үздік платформасы екені айқын.
Байқау 1С бухгалтерлік есеп және басқа да қызықты тапсырмалар бойынша практикалық есептерді шешуде жарысқан студенттер үшін нағыз бақ пен білім сынағы болды. Тапсырмалар қатысушыларға өздерінің тапқырлығын, кәсібилігін және нақты еңбек сын-тегеуріндеріне дайындығын көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бухгалтер мамандығындағы инновациялық тәсілдің, әлеуметтік жауапкершілік пен шығармашылықтың маңыздылығын ерекшеледі.
Қазылар алқасының құрамына: бухгалтерлік есеп бойынша кітаптардың авторы Валентина Проскурина, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің жетекші сарапшысы Толкын Әбілдаева, ҚР кәсіби бухгалтерлері Людмила Романюк пен Айдана Шайнусипова, сондай-ақ Алматы технологиялық колледжі директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Надежда Серая кірді.
Бүгінгі таңда отандық бизнестің негізгі үлесі шоғырланған Алматыда бухгалтер мамандығы сұранысқа жоғары мамандықтардың бірі болып табылады. Ал кәсіпкерлер палатасы бизнес-құрылымдармен тығыз іскерлік байланыс орната отырып, барлық бағыттағы колледж түлектерін оқуын тәмәмдаған соң жұмысқа орналастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: