«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті

2025 жылғы 21 Сәуір
- Алматы қаласы
333 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласының прокуратурасында өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры және өңірлік кеңес төрағасының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті. Кездесуде мегаполисте кәсіпкерлікті қолдау және дамытуда қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Кеңес барысында қалада іскерлік ортаның дамуына әсерін тигізетін әкімшілік кедергілер талқыланды.

 

«Бақылау органдарының қызметін талдау барысында қала прокуратурасы 264 бизнес субъектісіне қатысты профилактикалық бақылау жүргізу тәртібінің жүйелі бұзушылықтарын анықтады, оның ішінде шамамен 147 млрд.теңге сомаға жобаларды іске асыратын 7 инвестор бар», - деп атап өтті баяндамасында Алматы қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Данияр Ысқақов.

«Кәсіпкерлер арасында тәуекелдерді басқару жүйесінің ашық болмауы ерекше алаңдаушылық туғызады. Бізге келіп түскен шағымдар бар. Біздің міндеттеріміздің бірі - әкімшілік кедергілерді азайту болғандықтан, кәсіпкерлер палатасы барлық мемлекеттік органдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Бұл өз нәтижесін беруде», - деп атап өтті Алматы қаласы ӨКП директоры Шыңғысхан Маманов.

Өңірлік палата мен жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, экономикалық тергеу департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің белсенді жұмысының нәтижесінде:

         •        Мемлекеттік кірістер департаментінің 1000-нан астам салық төлеушіге қатысты әкімшілік істері тоқтатылды;

         •        Кәсіпкерлерді тексерусіз ӘҚБтК-нің 275-бабы 5-бөлігі бойынша жауапкершілікке тарту тәжірибесі тоқтатылды;

         •        Түрік инвесторы TAV-қа салынған 122 млн теңге көлеміндегі айыппұл жойылды;

         •        21 инвесторға техникалық шарттар берілді;

         •     1,5 жыл бойы желіге қосыла алмаған Индустриялық аймақтағы 26 инвестордың газбен жабдықтау мәселесі шешілді, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Өңірлік кеңестің төрағасы Нұрсултан Шоканов қазіргі уақытта инвесторлар үшін қолжетімді жер телімдері туралы ашық ақпараттың жоқтығын атап өтті.

«Барлық қажетті жағдайларды жасап, рәсімдерді жеңілдетуге назар аудару қажет деп есептеймін. Бұл негізгі салаларға инвестиция тартуды ынталандырады. Заң мен қолдау шараларының нақтылығы мемлекеттік тетіктердің ашықтығын қамтамасыз етіп, бизнестің табысты жұмыс істеуіне жол ашады», – деді Алматы қаласы өңірлік кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұрсултан Шоканов.

Кеңес қорытындысы бойынша анықталған проблемаларды жою бойынша іс-шаралар кешені айқындалды. Негізгі басымдық – рәсімдерді цифрландыруды жалғастыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру және бизнес үшін құқықтық кепілдіктерді нығайту болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер