Үкімет пен бизнес арасындағы диалог
Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев пен Ұлытау облысынын кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова және қаланың бизнес қауымдастығы арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында кәсіпкерлер бизнесті дамыту, қаржы институттарынан субсидия алу, жас кәсіпкерлер мен әйелдер бизнесін қолдау сынды бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды.Жезқазған қаласындағы Ұлытау өңірінің Кәсіпкерлер палатасының тегін оқытудың оң тәжірибесі атап өтіліп, Сәтбаев қаласында да осындай курстарды ұйымдастыруға кәсіпкерлерден ұсыныс жасалды. Кездесу Сәтбаев қаласының билігі мен бизнес қауымдастығы арасындағы диалогтың маңызды қадамы болды.
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының жұмыс тобы Сәтбаев қаласындағы инвестициялық жобалармен танысты.
Жұмысшы топ «Сәтбаев минералды және жеміс-жидек сулары зауытына» және қала тұрғындарына арналған спорттық ангар құрылысын (жоба жетекшісі – ИП Бегенов) аралады.
Кездесу барысында «Ұлытау» минералды су зауытының директоры Лариса Булавская зауыттың қазіргі жағдайы мен болашақ жоспарларына тоқталып, өнім өткізу нарығын кеңейту және өндірісті ұлғайту үшін қосымша қаржыландыру (қаржы институттарынан субсидия алу) қажеттігін атап өтті.
Жеке кәсіпкер Бауржан Бегенов салынып жатқан спорт нысанына су бұру және газ тарту мәселесін көтерді. Жергілікті билік тарапынан кәсіпкерлерге белсендірек қолдау көрсету қажет екені айтылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: