«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысының ауылында екі жаңа көкөніс қоймасы салынып, 20 жаңа жұмыс орны ашылады

2025 жылғы 28 Мамыр
- Павлодар облысы
1106 просмотров

Ақсу қаласының Евгеньев ауылдық округінде салынып жатқан екі көкөніс қоймасына Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов барды.

Көкөніс қоймасын "Сергей" КШ салып жатыр. Бүгінде нысанды пайдалануға беру үшін құжаттар жиналу үстінде. Оны 2025 жылы іске асыра отырып, шаруа қожалығы бес жаңа жұмыс орнын ашпақшы.
Екінші көкөніс қоймасын "Агата" КШ салып жатыр. Бүгінде объект орнында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

"Аталмыш жоба 15 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оны 2025 жылы аяқтау жоспарлануда", - деді "Атамекен" Павлодар ӨКП директоры Ерқанат Әбенов.

Екі көкөніс қоймасы да инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулында көрініс тапқан.

"Заманауи көкөніс қоймаларын құру егінді сақтау кезіндегі шығындарды едәуір қысқартуға, маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға, сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жобаларды іске асыру шағын және орта бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер туғыза отырып, логистикалық инфрақұрылымды және сабақтас салаларды дамытуға серпін береді", – деп атап өтті кәсіпкерлер палатасының директоры.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер