«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнестің цифрлық картасы: Үкімет қазақстандық бизнестің цифрлық реформасын қолдайды

2025 жылғы 03 Маусым
2611 просмотров

Бүгін Үкімет отырысында қазақстандық бизнестің дамуына тікелей әсер ететін мәселелер көтерілді. Министрлер кабинетін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еліміздің бизнес ортасын түбегейлі өзгерте алатын ауқымды цифрлық жобасының тұсаукесері ерекше қызықтырды. ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов нақты бастамалар мен ұсыныстар айтты.

Біз Бизнестің цифрлық картасын – барлық қолданыстағы бизнес-тізілімдерді, бағалау модульдерін, сатып алу рәсімдерін және кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да негізгі элементтерін біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа құру туралы айтып отырмыз.

«Жүйелердің диспропорциясы, ережелер мен критерийлердің ашықтығы, сондай-ақ, бірыңғай көзқарастың болмауы бизнес үшін проблема болып қалуда. Отандық өндірушілерді тауар өндірушілердің қажеттіліктерімен автоматты түрде сәйкестендіру мультипликативті нәтиже беретініне сенімдіміз. Бұл ең алдымен инвестициялық белсенділіктің, салық түсімдерінің және жұмыс орындарының артуы», - деді Райымбек Баталов өз сөзінде.

Платформаның прототипі қазірдің өзінде дайын, Ұлттық палата оны одан әрі интеграциялау үшін ҚР Ұлттық экономика Министрлігіне тегін беруге дайын екенін білдірді. Бүгінгі таңда ҰКП тау-кен металлургия кешенінің (ТКМ) қажеттіліктеріне алдын ала біліктілік іріктеу жүйесін бейімдеу сатысында тұр.

«Атамекен» қолданыстағы цифрлық шешімдерді біріктіруді ғана емес, сонымен қатар, шикізат сипаттамаларын, технологиялық операцияларды және ел ішіндегі құн үлесін (ЕҚҮ) ескере отырып, бизнесті бағалау әдіснамасын жетілдіруді ұсынады. Бұл тәсіл алдағы жарты жылда экономиканың барлық салаларында сынақтан өтуі тиіс.

«Біз қолданыстағы жүйені нақтылауды, оны барлық секторларға бейімдеуді және нәтижелерді заңға тәуелді актілерде бекітуді ұсынамыз. Біз жобаны практикалық іске асыруға бірлесіп жеткізуге дайынбыз», - деді Баталов.

ҰКП Төрағасының айтуынша, әділ және ашық бағалау әдістемесінің жоқтығы бизнеске белгілі бір сенімсіздік туғызады және бизнестің нақты дамуына кедергі келтіреді. Сондай-ақ, ол қазақстандық қамтуды жүйелі түрде дамытуға кедергі келтіретін проблемаларды атады. Бұл отандық жеткізушілердің ұлттық жобалар мен инвестициялық бағдарламаларға әлсіз қатысуы және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін елеулі шектеуге айналып отырған білікті кадрлардың, әсіресе желілік менеджменттің тапшылығы.

Отырыста Премьер-министр Олжас Бектенов жалған өндірушілердің қолында CT-KZ сертификаттарының көптігі туралы мәселені де көтерді. Бұл жерде мәселенің өзектілігін атап өткен жөн. ҰКП сарапшыларының пікірінше, жосықсыз кәсіпкерлерге бос орындар тудыруы мүмкін жүйенің жетілмегендігін мойындау қажет. Бірнеше жылдан бері «Атамекен» Ұлттық палатасы аталған талаптарды жетілдіру және нақтылау бойынша ұсыныстар енгізді, бірақ олардың көпшілігі қарастырылмаған. Қазіргі уақытта сертификаттарды беру кезінде әлеуетті өндірушіге қойылатын талаптар СИМ Ережелерімен реттеледі.

Айта кетейік, 2026 жылдан бастап СТ-KZ және Өнеркәсіптік сертификаттар қазақстандық тауар өндірушілердің Тізіліміне ауыстырылады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шикізатты көбірек пайдаланатын және технологиялық операциялардың үлкен көлемін орындайтын өндірушілерге артықшылық беру принципін сақтау туралы ұсыныстар жасады. Сонымен қатар, елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесі ұсынылады (сілтемесі төменде). Бұл бір күн бұрын Мемлекет басшысы қол қойған қазақстандық тауар өндірушілердің Тізілімінде (ҚТӨ Тізілімі) көрініс табуы мүмкін.

https://atameken.kz/kk/services/5-sertifikaciya


Еншілес ұйымдар

Серіктестер