«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Фармбизнес: Денсаулық сақтау министрлігінің жобасы науқастарды өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерсіз қалдыруы мүмкін

2025 жылғы 10 Маусым
1366 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында дәрілік заттардың шекті бағасы көрсетілген бұйрық жобасы талқыланды. Жиынға Денсаулық сақтау министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығының өкілдері қатысты.

Жасалған жоба фармацевтикалық нарықта алаңдаушылық туғызып отыр, себебі 3475 дәрі-дәрмек атауының 2200-ге жуық атауына баға төмендетілді. Бұл ретте отандық дәрі-дәрмектің шекті бағасы 89%-ға, импорттық дәрілерге 92%-ға дейін төмендетілді. Бағаны көтеру тек атаулардың 1% үшін жүзеге асырылады.

Оның үстіне бірқатар дәрі-дәрмектің бағасы өндірушілер тарапынан ескертусіз өзгертілді. Қолданыстағы бағалармен, сондай-ақ, өтініш берушілер тіркеген бағалармен салыстырғанда шекті бағалардың мұндай айтарлықтай төмендеуі Бағаларды реттеу қағидаларына (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығы) сәйкес келмейді.

Талқылау барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік саясат Департаменті дәрілік қамтамасыз ету Басқармасының басшысы Гүлдей Бегалиева дәрілік заттардың шекті бағасы Денсаулық сақтау министрі мен Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Бір терезе» қағидаты бойынша дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» № 169/ҰК бірлескен бұйрығы негізінде қалыптастырылғанын хабарлады. Олардың айтуынша, көтерме және бөлшек саудада, сондай-ақ ТМККБК/МӘМС аясында бағаны тіркеудің бірыңғай тәртібі болады.

Алайда, ҚР Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер Қауымдастығының өкілі Наталья Шаповалова атап өткендей, Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР ЦДИАӨМ бірлескен бұйрығы негізінде Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген шекті бағалар ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңына, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне және ҚР Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келеді, өйткені бұл бұйрық пилоттық жоба ретінде іске асырылуда және оған ерікті қатысуды көздейді.

«Біздің компания Қазақстандағы орфандық ауруларды емдеуге арналған бірқатар дәрілерді шығаратын бірден-бір өндіруші болып табылады. Бұйрық жобасында нарықта түпнұсқалық дәрілер жоқ бұл препараттардың бағасын айтарлықтай төмендету қарастырылған. Мұндай бағаны реттеу өндірісті тиімсіз етіп, науқастарды әлеуметтік маңызы бар ауруларға қарсы бірқатар дәрі-дәрмексіз қалдыруы мүмкін», - дейді «Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені» ЖШС өкілі Ерікбек Ағатанов.

Қазақстандық өндірушілер өз құнынан төмен баға бекітілген жағдайда, шетелдік өндірушілер рентабельді еместігіне байланысты ҚР мемлекеттік тізілімінен тіркеу куәліктерін алып тастауға мәжбүр болатынын, бұл коммерциялық сегментте де, ТМККБК/МӘМС шеңберінде де бірқатар дәрі-дәрмектің нарықтан шығуына әкелетінін атап өтті.

ҚР ҰКП Басқарушы директор – Медициналық қызмет департаментінің директоры Назгүл Қабдрахманова атап өткендей, бұйрық жобасы ҚР заңнамасына қайшы келеді.

«Атамекен» кәсіпкерлер құқығын қорғау Кеңесінің қарауына №40 бірлескен бұйрық негізінде дәрі-дәрмектің шекті бағасын қалыптастырудың заңдылығы туралы мәселені енгізуді жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер