«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

2025 жылғы 27 Маусым
- Павлодар облысы
340 просмотров

Ерканат Абенов Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында Палатаның қызметін жариялап жүрген БАҚ өкілдеріне ақпараттық қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Мерекеге орай кездесуі «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының конференц-залында өтті. Бизнестің жетістіктерін, өңір жаңалықтарын және кәсіпкерлік мәселелерін көтеріп жүрген республикалық және облыстық телеарналар, ақпарат агенттіктері, газеттер мен радиолардың қызметкерлері алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасымен тығыз әрі нәтижелі әріптестік орнатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бизнестік мәселелерді объективті түрде көрсетіп, қоғаммен байланысты нығайтып келесіздер. Сіздерге шығармашылық шабыт, жаңа идеялар мен жобаларды сәтті жүзеге асыруды тілеймін. Өздеріңізге және жақындарыңызға бақ-береке, амандық тілеймін!», – деді Ерканат Абенов кездесуге қатысушыларға.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер