«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мұрат Қарымсақов «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қоғамдық кеңесінің құрамына енді

2025 жылғы 30 Маусым
594 просмотров

2025 жылғы 30 маусымда өткізілген қосымша конкурс қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП Президиумының Төрағасы Хатшылығының жетекшісі – Басқарма мүшесі, сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Қоғамдық кеңестің қызметіндегі басты мақсат – қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру, қоғамдық бақылау ұйымдастыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. Кеңестің жұмысы инвестициялық жобаларды іске асыру, инвестициялық қызметті жандандыру, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» компаниясының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру мәселелерін шешуге бағытталған.

Кеңес құрамына үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен конкурс негізінде іріктеу жүргізіледі.

Конкурс пен ашық дауыс беру барысында «KAZAKH INVEST» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев Мұрат Қарымсақовтың сайлануы оның кәсіби біліктілігіне, халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы мол тәжірибесіне және бай еңбек жолына көрсетілген жоғары сенімнің айқын дәлелі екенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер