Ұлытау облысында әлеуметтік кәсіпкерлік дамуын жалғастыруда
Жезқазғанда "Mama Rada" интеллектуалды даму академиясының жаңа филиалының ашылуы өтті.
Академия жұмысының негізгі бағыты – балаларды мектепке дайындау. Сондай-ақ, бұл орталықтың маңызды бағыты – инклюзивті балалармен жұмыс істеу. Бұл академияның барлық бала үшін қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыруға ұмтылысын көрсетеді.
Академияның жетекшісі, әлеуметтік кәсіпкер Жұлдыз Рахымбекова жаңа филиалдың ашылуына 5 млн теңге көлеміндегі грант пен Кәсіпкерлер палатасының, оның басшылығы мен сарапшыларының жан-жақты қолдауы себеп болғанын атап өтті.
Грант қаражаты оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған.
Бұл академияның екінші филиалы. Біріншісі Сәтбаев қаласында сәтті жұмыс істеп жатыр, – деді Жұлдыз Сауленбекқызы.
"Mama Rada" академиясы – әлеуметтік кәсіпкерліктің табысты үлгісі болып отыр. Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы өңірді дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды қолдауды әрі қарай жалғастырады. Әлеуметтік кәсіпкерлер – қоғам пайдасын табыстан жоғары қоятын санаулы кәсіп иелерінің бірі, – деп атап өтті Палата директорының орынбасары Маржан Жәуен.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: