«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Еңбек мобильдігі орталығы» арасындағы меморандумға қол қойылды.

2025 жылғы 10 Шілде
- Алматы облысы
354 просмотров

Бүгінгі таңда еңбек нарығындағы басты басымдықтардың бірі – еңбек ресурстарының тиімділігін арттыру, жұмыс күшінің ішкі көші-қонын қолдау және кәсіби кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесін жетілдіру. Осы бағытта маңызды қадам ретінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Еңбек мобильдігі орталығы» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл меморандум екі тараптың бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға ниетті екенін көрсетеді. Атап айтқанда, төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілмек:

- Сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру: еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыссыз азаматтарды қажетті дағдыларға үйрету көзделуде;
- Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау: азаматтарды экономикалық белсенділікке тарту мақсатында бизнес-бастамаларға ынталандыру жұмыстары жүргізіледі;
- Ақпарат алмасу және бірлескен жобалар: тараптар өзара тәжірибе алмаса отырып, ортақ жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр;
- Жұмыс берушілермен байланысты күшейту: жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз ету.

Бұл бағыттағы бірлескен жұмыс еліміздегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканың өсуіне оң әсер етеді деген сенім мол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер