«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазығұрт ауданында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Өңірлік кеңестің көшпелі қабылдау отырысы өтті

2025 жылғы 25 Шілде
- Түркістан облысы
185 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов және Палата директоры Асылан Ибадуллаев кәсіпкерлерді жеке қабылдап, өзекті мәселелерін тыңдады.

Іс-шараға Өңірлік кеңес мүшелері, құқық қорғау және мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері қатысты. 

Қазығұрт ауданына жұмыс сапары аясында кәсіпкерлердің өзекті мәселелері талқыланып, шешу жолдары ұсынылды.

Қазығұрттық кәсіпкерлердің басты шағымы – техникалық шарттар, салық сәйкессіздігі, электр қуатының жетіспеушілігі, қаржыландыру мүмкіндігінің жоқтығы және инфрақұрылым тапшылығы.


Нұралы Әбішов, Өңірлік кеңес төрағасы:
«Бүгін біз Қазығұрт пен Төлеби аудандарының кәсіпкерлерін жеке қабылдадық. Ендігі міндет – бірлесіп осы көтерілген мәселелерді жүйелі түрде шешу», – деді ол. 

Қазығұрт ауданынан кейін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшелері Төлеби ауданындағы кәсіпкерлердің де мәселелерін тыңдады.

Төлеби кәсіпкерлері жиында инфрақұрылым, жер, салық саясаты, ауыл шаруашылығын дамыту және инвестиция тарту мәселелері көтерілді.


Асылан Ибадуллаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:
«Біз бұл кездесулерде тек нақты шешімдерді жүйелеп, бақылауға аламыз. Әр сұрақтың артында кәсіпкердің тағдыры, халықтың жұмысы, аймақтың болашағы тұр», – деді Палата басшысы.

Жиын соңында делегация Қазығұрт ауданындағы бірқатар нысандарды аралады. Атап айтқанда, Д.Қонаев көшесінде салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысып, «Бірлік және Береке-Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін дамытуға үлес қосып келеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер