Кәсіпкерлер құқықтары қорғалды: Ақтөбеде «Алға» несие серіктестігінің құрылтайшылары Палатаға алғыс білдірді
Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына «Алға» несие серіктестігінің құрылтайшылары атынан ресми алғыс хат келіп түсті. Кәсіпкерлердің айтуынша, ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келген қаржылық түйткіл Палатаның араласуымен оң нәтижесін берді.
2019 жылдан бері аудан кәсіпкерлері – «Новосергеевка» ШҚ (5 500 000 тг), «Намыс» ШҚ (3 653 500 тг) және ЖК «Ниетжан» (6 000 000 тг) «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалы алдындағы қарыздарын толық өтегеніне қарамастан, кепілге қойылған құжаттарын қайтара алмай келген болатын. Жалпы берешек сомасы 15 153 500 теңгені құрады.
Мәселені шешу барысында Палата тарапынан жүйелі жұмыс жүргізілді. Әсіресе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алға аудандық филиалының директоры Бернияз Длимов заң аясында әрекет етіп, аудандық және облыстық деңгейде мәселені тұрақты түрде көтерді. Соның нәтижесінде 2025 жылдың шілде айында «Алға» несие серіктестігі өз қарыздарын жауып, құрылтайшылар кепілге қойған мүліктерін толықтай қайтарып алды.
Бүгінде аталған үш кәсіпкердің құжаттары заңды иелеріне қайтарылып, олардың құқықтары толық қорғалды.
«Құрметті Дидар Ержігітұлы, Сізге және аудандық филиал директоры Бернияз Длимовке үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғап, мәселемізді шешуге нақты үлес қосқандарыңыз үшін шынайы алғыс айтамыз», – деп атап өткен алғыс хаттарында.
Бұл оқиға кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда Палатаның белсенді жұмысының нақты мысалы болып отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: