«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда «Атырауда жасалған / Сделано в Атырау» көрме-жәрмеңкесі өтеді

2025 жылғы 30 Қыркүйек
- Атырау облысы
416 просмотров

2025 жылғы 4 қазан күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы, 79 мекенжайындағы Көрме орталығында Атырау қаласының күніне арналған «Атырауда жасалған / Сделано в Атырау» көрме-жәрмеңкесі өтеді. Көрменің ұйымдастырушылары – Атырау қаласы әкімдігі мен Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы.

Келушілер жергілікті өндірушілердің өнімдерімен танысып, мерекелік көңіл-күйге бөленіп, сапалы тауарларды сатып ала отырып, отандық бизнесті қолдай алады.

«Бұл – өңіріміз үшін маңызды шара. Ол жергілікті бизнестің дамуына және ілгерілеуіне ықпал етіп, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайтады. Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын мерекеге қатысып, атыраулық кәсіпкерлерді қолдауға шақырамыз!» – деді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174