«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өрт қауіпсіздігі: кәсіпкерлер мен әлеуметтік нысандар үшін жаңа талаптар

2025 жылғы 23 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
384 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің басты тақырыбы - әлеуметтік нысандардағы өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтау мәселелері, сондай-ақ өртке қарсы автоматика жүйелерін орнату және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қатысты жаңа нормалар болды.

ТЖ басқармасы мамандарының айтуынша, 2025 жылы өртке қарсы автоматика жүйелерін монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету қызметін жүзеге асыру тәртібін едәуір жаңартатын бірқатар нормативтік-құқықтық актілер бекітілді.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы №322 бұйрығына сәйкес, енді осы қызмет түрімен айналысуға рұқсат алу үшін кәсіпкерлер жаңа талаптарға сай болуы тиіс.

Негізгі талаптар мыналар: электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ және одан төмен емес рұқсат тобы бар кемінде үш маманның болуы; тиісті еңбек өтілінің болуы — жоғары техникалық білімі бар мамандар үшін кемінде үш жыл, техникалық және кәсіптік білімі барлар үшін кемінде бес жыл; кәсіпкердің меншігінде немесе заңды негізде пайдаланылатын ғимараттың немесе үй-жайдың болуы; «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келетін өлшеу құралдарының болуы.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрығымен өртке қарсы автоматика жүйелерін монтаждау және техникалық қызмет көрсету қызметіне рұқсат беру қағидалары бекітілді.

Аталған құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап рұқсаттарды беру өкілеттігі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Өртке қарсы қызмет комитетіне жүктеледі.

Осыған байланысты, аталған салада жұмыс істейтін кәсіпкерлерге жаңа лицензиялау тәртібіне көшуге алдын ала дайындалу үшін жаңартылған талаптармен мұқият танысу ұсынылады.

ТЖ басқармасы өкілдерінің айтуынша, енгізілген өзгерістердің басты мақсаты – өртке қарсы автоматика жүйелерін орнату және қызмет көрсету жұмыстарын атқаратын ұйымдардың кәсіби деңгейін арттыру, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету.

Жаңартылған талаптар қызмет сапасын, қауіпсіздік деңгейін және азаматтар мен нысандардың өрттен қорғалуын арттыруға бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174