«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде құрылыс, ТКШ және энергетика жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті

2025 жылғы 07 Қараша
- Ақтөбе облысы
738 просмотров

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасында құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика саласы бойынша салалық кеңестің отырысы өтті. Отырысты кеңес төрағасы Бердіяр Примбетов жүргізді.

Кеңес жұмысына салалық кеңес мүшелері, прокуратура, мемлекеттік органдардың өкілдері және шақырылған кәсіпкерлер — «Агрофирма Тау» ЖШС басшысының орынбасары Эльвира Мурсалимова мен "Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдері өндірушілер қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасының орынбасары Сағынғазы Құрманалин қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі — «Агрофирма Тау» ЖШС-не тұрғын ұй ауласында орналасқан уақытша сауда нысанының демонтажына қатысты қолдау көрсету болды. Бұл мәселе бойынша салалық кеңестің кураторы Рахат Тәжібаев баяндама жасады.

Талқылау қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының әкімдігіне — уақытша сауда нысанын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанына байланысты түпкілікті процессуалдық шешім қабылданғанға дейін бұзу шараларын қолданбау және Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментіне Ақтөбе қаласы әкімдігімен бірлесіп, Кәсіпкерлер палатасының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген «Ішкі сауданы ұйымдастыру қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын қарастыру мен Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдері өндірушілер қауымдастығына — аталған нормативтік актіге өзгерістер енгізу бойынша қосымша ұсыныстарды Палатаға жолдау ұсынымдар берілді. Және де Кеңес қорытындысы бойынша Кәсіпкерлер палатасы отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында «Атамекен» ҰКП-ның Бизнес-реттеу департаменті мен Жер қатынастары және құрылыс департаментіне тиісті ұсыныстарды қамтитын жинақталған хат жолдайтын болады.

Кеңес мүшелері сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде аумақтық критерийді қолдану мәселесін талқылады. Талқылау нәтижесінде Кәсіпкерлер палатасына аумақтық критерийді конкурс рәсімдерінен алып тастауға байланысты келіспеушілік позициясын білдіретін Ақтөбе облысы бизнес-қоғамдастығының ұстанымын «Атамекен» ҰКП-ның Құрылыс және жер қатынастары департаментіне жолдау ұсынылды.

Күн тәртібіндегі жеке тармақ ретінде Айтекебий ауданы әкімдігінің «Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу және қайта жаңарту іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы қаралды. Бұл мәселе бойынша аудан әкімдігінің тиісті бөлімдерінің өкілдері сөз сөйледі. Талқылау нәтижесінде Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы аталған қаулы жобасына сараптамалық қорытынды дайындап, жолдайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174