«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сәтпаев қаласында SMM курсы өз мәресіне жетті: Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы мен қала әкімдігінің әріптестігінің арқасында бизнес-ханымдар цифрлық маркетинг бойынша жаңа дағдыларға ие болды.

2025 жылғы 10 Қараша
- Ұлытау облысы
171 просмотров

Сәтбаев қаласында Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы Сәтбаев қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған «SMM» курсы аяқталды. Жоба «Кәсіпкер әйел» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Курс барысында тыңдаушылар әлеуметтік желілердегі бизнесті ілгерілетудің заманауи құралдары бойынша тәжірибелік білім алды. Қатысушылар SMM жүргізудің негізгі қағидаларын, Instagram желісін дамыту мен жүргізу стратегиясын, жарнамалық маркетингтің ерекшеліктерін, мақсатты аудиторияны тарту әдістерін және мобилографияның базалық дағдыларын меңгерді.
Курс түлектерін Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бурибаев құттықтап, қатысушыларға өз ісін дамыту мен жаңа идеяларды жүзеге асыруда табыс тіледі.


– Біз алған білімдер біздің кәсіпкерлерге әлеуметтік желілерді өз жобаларын ілгерілету, жаңа жұмыс орындарын ашу және қаладағы бизнесті дамыту үшін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді деп сенеміз, – деді Сәтбаев қаласының әкімі.

Айта кету керек, курска қатысушылары үшін оқу тегін негізде өткізілді.


– Бағдарламаның негізгі мақсаты – әйел кәсіпкерлігін қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ өңір кәсіпкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру, – деп атап өтті Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Каженова.


Курстың спикері – бизнес-коуч, «GZ орталығы» оқу орталығының негізін қалаушы Гүлнара Загирова болды. Оның айтуынша, бұл білім беру бағдарламасы жүзеге асқан төртінші қала – Сәтбаев болып отыр.


– Біз шағын қалалардағы әйелдердің белсенді дамуға, бизнесті алға жылжытудың заманауи құралдарын меңгеруге ұмтылатынын көріп отырмыз. Бұл бағытта әкімдіктер мен мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы шешуші рөл атқарады, – деді Гүлнара Жахангирқызы.


Сәтбаев қаласы әкімдігінің қолдауының арқасында 50 қатысушы оқуды сәтті аяқтап, курсты тәмамдағаны туралы сертификаттар алды.
Осындай оқу жобаларының жүзеге асырылуы кәсіпкерлік бастамаларды жандандыруға, әйелдердің экономикадағы рөлін арттыруға және өңір деңгейінде шағын бизнесті нығайтуға ықпал етеді.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174